Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 06:46-да 101 телефонына Петропавл қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Өртсөндірушілер оқиға орнына сағат 6:53-те жетті. Олардың жылдам әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылы туған ер адам құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында үш техника және жеке құрамнан тоғыз адам жұмыс істеді, өрт сағат 7:04-те сөндірілді.
Әсет ҚАНАФИН.