«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің материалдық-техникалық базасы биыл толығымен жаңартылмақ. Оған “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры “Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту” қайырымдылық бағдарламасы аясында 250 млн. теңге бөлген. Қазір мұнда дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

– Алдағы уақытта мектепке жаңа жиһаз әкелінеді. Робототехника, ART-студия және телестудия ашылды. Сондай-ақ кабинеттер қажетті зертхана және қондырғылармен жабдықталады. Жұмыс осы жылдың 15-ші қазанына дейін толығымен аяқталуға тиіс, – деді мектеп директоры Айдар Сұрағанов.

Қазір білім ордасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылыту жүйесі толығымен ауыстырылып, қосымша батареялар орнатыды. Кей бөлмелердің есіктері, едендегі кафель мен линолеум алмастырылды. Жөндеу жұмыстарына барлығы 19,1 млн. теңге жұмсалған.

Есіл аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлмира Дауытбаеваның айтуынша, аудандағы жалпы білім беретін 28 мектептің 8-інде ағымдағы жөндеу, Асқар Игібаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Интернатқа “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 126, 936 млн. теңге бөлінген. Нысанның шатыры, есік-терезелері мен су, кәріз және электр желілері алмастырылуда. Желдету және жылыту жүйесі ретке келтіріліп жатыр. Өртке қарсы дабыл белгісі орнатылып, ғимараттың қазандығы сыртқа шығарылмақ. Бүгіндері мұндағы шаруа 82 пайыз орындалған. Бөлім басшысы жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанша аяқталатынын айтады.

Биыл аудандағы балалардың бос уақытын өткізу орталығы да күрделі жөндеуден өткізілуде. Оған 124 млн. теңге қаржы бағытталған. Қазір жоспарлы жұмыстардың жартысы тындырылған. Нысан қараша айында пайдалануға берілмек.

Мағжан АХМАДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp