«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Монополиске айыппұл салынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады.

2023 жылдың басынан бері департамент 26 азаматтық және әкімшілік сот істеріне қатысты, оның он тоғызы департаменттің, екеуі табиғи монополия субъектісінің пайдасына шешілді. Біреуі бойынша Табиғи монополия субъектісінің (ТМС) талап арызы жартылай қанағаттандырылды, екі талап-арызды департамент және ТМС кері қайтарып алынды. Бір іс тұтынушының пайдасына қабылданды, ол бойынша департамент үшінші тұлға ретінде қатысты және бір іс сотта қаралуда.

Департаменттің “Севказэнергосбыт” ЖШС-ға қатысты талап-арызы бойынша тұрғын үйлерде орналасқан 1250 жылу энергиясын тұтынушының құқығы қорғалды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Соның ішінде департаменттің “Севказэнергосбыт” ЖШС-ға энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұрғын үй емес тұтынушылардың үй-жайлары орналасқан пәтерлердің тұрғындарына қосымша төлем жасау әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша сот ісі жалғасуда. Келесі сот отырысы 2023 жылдың 5 қыркүйегіне белгіленген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес департаменттің уәкілетті тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды және қарайды.

Үстіміздегі жылы департамент “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ға 2018 және 2020 жылдары инвестициялық бағдарламаны орындамағаны үшін жалпы сомасы 5520000 теңге әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ сатып алу тәртібін сақтамағаны үшін 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ қызметтерді бекітілген тарифке сәйкес көрсету бойынша міндеттемені орындамағаны үшін департамент “Алпаш” ЖШС-ға 588892 теңге әкімшілік айыппұл салды.

2023 жылы департамент табиғи монополия субъектісі сатып алатын қызметтерді әлеуетті жеткізушінің өтініші негізінде “Солтүстік Қазақстан электр тарату желілері компаниясы” АҚ-ға қатысты бір жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғандар анықталған жоқ.

Департамент мынандай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

– Аэронавигация және әуежайлар мен байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен шығару;

– Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру;

– Егер мәміле жасалатын мүліктің үстіміздегі жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны сол жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру;

– Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру;

– Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру.

2023 жылдың басынан бері департаментке мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 22 өтініш түсті. Оның он жетісі қанағаттандырылды. Сондай-ақ департамент табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесе отырып, облыстық кәсіпкерлер палатасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен табиғи монополиялар саласындағы түйткілді мәселелер бойынша азаматтарды ай сайынғы қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы халықпен кері байланыс орнату жұмыстарын ұйымдастырады.

Вячеслав ЛУКИНЫХ,

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp