«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Достық көпірі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қала­л­ық Мәдениет үйінде Қазақстан хал­қы тілдері күніне арналған “Тіл – дос­тық көпірі” облыстық фестивалінің ашылу салтанаты өтті.  Фестивальге қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бас­шы­лары мен мамандары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, руха­ният жанашырлары қатысты.

Басқарманың бөлім басшысы Ернияз Сұлтан облыс басшылығы атынан фестивальдің ашылуымен құттықтады. 

– Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте ма­ңызды. Ынтымақ-бірліктің қадір-қа­сиетін түсініп, бағалай білген біз­дің жерлестеріміздің қазақ тілін үй­ренуге, қазақ қаламгерлерінің туын­дыларын оқуға деген құлшынысы жоғары. Өмір жолын осы бағытқа ар­наған өзге этнос жастарының бола­шағынан зор үміт күтуге болады. Тағ­дырын қазақ тілімен байланыстыр­ған жастар үшін қашан да жол ашық. Ұлы Абай, ақиық ақын Мағжан Жұ­мабаев сөйлеп кеткен ана тіліміздің қадір-қасиетін қазақ халқының ру­хани байлығынан іздеу керек, – де­ген ол алты адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасын, бес маманға Алғыс хатын табыс етті.

Кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық жұмыстар басқар­масының басшысы Гүлфариза Мұ­қан фестивальдің ашылуымен құт­тықтап, Мағжан Жұмабаевтың туға­нына 130 жыл толуына орай Шай­сұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл – Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып жат­қан “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы” республикалық конкурсын өт­кізу мақсатымен таныстырды. Қа­зақстан халқы тілдері күні мереке­сіне орай ана тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне қосқан үлесі үшін Гүлсәуле Қожакенова, Жазира Ра­мазанова, Закиржан Мамлютовты Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаты­мен марапаттады.

“Түрік мәдениеті” қоғамдық бір­лестігінің мүшесі Якуб Латипов, Ре­сей Федерациясы Омбы облыстық білімді дамыту институтының фило­логия және коммуникация кафед­ра­сының әдіскері, №100 жалпы орта мектебі орыс және қазақ тілі пәнде­рінің мұғалімі Бәткен Сәрсенова, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігі облыстық фи­лиалының өкілі,  тіл жанашыры Азат Жолтай мінберге шығып, жүрекжар­ды лебіздерін жеткізді. Әнші Ерден Қожахметов орындаған “Елге тілек” әні кештің ажарын аша түсті. 

Кеш “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз­дік символы” республикалық конкур­сымен жалғасын тапты. Байқауға елі­міздің барлық өңірі мен Астана, Ал­маты және Шымкент қалаларының мемлекеттік тілді жетік меңгерген 18-35 жас аралығындағы өзге этнос өкіл­дері қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолданыс ая­сын кеңейту, қазақ тілінің этносара­лық қарым-қатынас тілі ретіндегі рө­лін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілген бай­қау 4 кезеңнен тұрды. “Жұлдызды сәт” кезеңінде талапкерлер өз өнер­лерін көрсетсе, “Сөздің көркі” ата­лымында Отан, елге қызмет тақырыптарындағы мақал-мәтелдерді айтудан сайысты. “Ой ұшқыны” кезе­ңінде үміткер ұяшықты таңдап Отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұл­ғалар тақырыптарында ой толғады. Ал соңғы кезең “Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап” деп аталды. Әр үміткер 15 сұраққа жылдам жауап беруі керек. Жүйріктердің бабы мен бағын Аслан Әлімбаев, Қасиет Молгаждаров, Жа­нар Таласпаева бастаған қазылар алқасы бағалады. Байқауға қатысушылардың бірі Абай облысының орталығы – Семей қаласынан кел­ген Евгения Некрасова.

– Мен бұл байқауға Абай елінің атынан өнер көрсету үшін келіп отырмын. Ұлтым орыс болғанымен, жүрегім – қазақ. Медицина сала­сында мемлекеттік тілді насихат­тауға үлес қосып келемін, – дейді ол.

Жеңімпаздар мен жүлдегер­лерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталып, со­ңында “Мен қазақша сөйлеймін” рес­публикалық акциясының жеңім­паздары онлайн марапатталды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp