Облыста белгілі бапкер Алексей Мартыновичті еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды.
Веложарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Сайыс Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының маңында өтті. Биылғы доданың жекелей сынында алтын медаль жерлесіміз Иван Джиммаға бұйырса, командаласы Денис Вельк күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынға елордалық велошабандоз Роман Фрунзе жайғасты.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды өңіріміздің спортшылары жеңіп алды. Екінші сатыға “Астана-1” командасы жайғасса, үздікті үштікті “Астана-2” командасы қорытындылады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.