«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірінші орын – жерлестерімізде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста белгілі бапкер Алек­сей Мартынович­ті еске алуға арналған республикалық турнир аяқ­талды.

Веложарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Сайыс Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының маңында өтті. Биылғы доданың жекелей сынында алтын медаль жерлесіміз Иван Джиммаға бұйырса, командаласы Денис Вельк күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынға елорда­лық велошабандоз Роман Фрунзе жайғасты.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды өңіріміздің спорт­шылары жеңіп алды. Екінші сатыға “Астана-1” командасы жайғасса, үздікті үштікті “Астана-2” командасы қорытындылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp