«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүзім фестивалі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында жүзім фестивалі өтті. Оның аясында қонақтар армяндардың ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйренді.

Жүзім фестивалі – армян халқы­ның ежелгі мерекелерінің бірі. Оның пайда болуы христиан дәстүрімен тығыз байланысты. Осы мереке той­ланған күннен бастап жүзімді тағам ретінде де, шарап жасау үшін де жинауға бо­лады деген түсінік қалыптасқан.

“Кентрон” армян мәдениеті об­лыстық орталығы” қоғамдық бірлес­ті­гі­нің мүшелері фестивальге өзге этнос өкілдерін шақырыпты. Олар ең алдымен сәндік-қолданбалы өнер көрмесін тамашалап, ар­мян шараптарының түрлі сорттары­мен танысты. Жүзім жапырақтары­нан дайындалатын дәстүрлі армян тамағы – долма пісіру бойынша ше­берлік сыныбы ұйымдастырылды.

“Біз бұл мерекені алғаш рет атап өткізудеміз. Жүзім Арменияның бар­лық өңірінде өсіріледі. Бұл жемістің “Кангун”, “Воскеат” және “Арени” деп аталатын түрлері ерекше танымал. Шарада өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің басын қосуға тырыстық. Еліміздегі бірлік пен тату­лықты нығайтуда осындай шаралар­дың көмегі зор”, – деді “Кентрон” армян мәдениеті облыстық орталығы” төрағасының орынбасары Светлана Малхасян.

Думанды шара барысында армян халқының ұлттық биі биленді. Оны мың бұралған биші Карине Сафа­рян орындады. 24 жастағы ару бір­лестік жанындағы хореграфиялық топ­тың көркемдік жетекшісі болып жұ­мыс істейді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp