«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрер жарығы бар екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Жедел жәрдем” қыз­меткерлері клиникалық өлім­­ге ұшыра­ған ер адамның өмірі үшін кү­ресіп, оны аман алып қалды.

Облыстық жедел медициналық кө­мек көрсету орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, шақырту сағат кешкі 19:52-де түскен. Жедел жәрдем қызметінің бригадасы оқиға орнына бес минутта жетеді. Дә­рігерлер зардап шегушіге “клиника­лық өлім” диагнозын қойыпты.  Туысының айтуынша, 31 жас­тағы ер адамды тоқ соққан.

“Электр тоғы соққанда дәрігерлер ең алдымен қауіпсіздікті естен шығар­май, құрылғылардың ажыратылған­дығына көз жеткізуі керек. Тек осыдан кейін ғана тез арада реанимациялық іс-шараларды бастайды. Бұл жолы да ACLS стандарты бойынша жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру үшін жүрекке массаж, өкпені жасанды жел­дету, дефибрилляция және кеңірдек­ке интубация жасалды. Тек реанима­цияның төртінші кезеңінде ғана нау­қастың беті бері қарады”, – дейді Юрий Белоног.

Сағат 20:23-те медициналық қыз­меткерлер клиникалық өлімнен оянған ер адамды Петропавл қала­лық көпбейінді ауруханасына жеткізді.

“Сырқат жансақтау бөлімшесінен шығарылды. Есін біледі. Фельдшер­лер биыл ақпан айында “Жедел жәр­дем” қызметінің халықаралық стан­дарт­тары бойынша білімдерін жетіл­дірді. Көлік жүргізушісінің базалық реа­нимация бойынша сертификаты бар. Науқасты ажалдан арашалап қалуға білікті мамандардың тигізген көмегі көп”, – дейді орталық директоры.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp