Облыстық кардиология орталығының шатырынан түтін шығып, оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:51-де құтқарушылардың “101” пультіне Васильев көшесі, 123 мекенжайында орналасқан емдеу мекемесінің шатырынан түтін шығып тұрғаны жайлы ақпарат түскен. Оқиға орнына 15 техника, өрт сөндіру бөлімдерінің 50 қызметкері жөнелтілді.
– Төтенше жағдай орын алған жерден 60 адам эвакуацияланды. От лифт шахтасынан байқалған. 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, – дейді департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Амангелді Әуесханов.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.