Дәурен – қола жүлдегер
Орал қаласында самбодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ел намысын солтүстікқазақстандық балуан Дәурен Нұрғожин абыройлы қорғап, қанжығасын қола медальмен майлады. Биыл самбодан шеберлер арасындағы әлем біріншілігінде ерлер бөлек, әйелдер өз араларында мықтыны анықтады. 35-39 жастағы спортшылар қатарында 88 килограмм салмақ дәрежесінде қызылжарлық Дәурен Нұрғожин да сынға түсті. Жерлесіміз 4 кездесудің тек бірінде сүрінді. …