Ауылдағы өрт сөндіру бекеті
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносовка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекеттің салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов құтқару қызметіне тиесілі орталықтың жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты. – Ломоносовка ауылы аудан орталығы – Новоишимское елді мекенінен 65 шақырым жерде орналасқан. Бүгіндері ауылдық округте 2000-нан астам адам тұрып жатыр. Баспаналардың барлығы пеш арқылы жылытылады. Өкініштісі, …