Ауылдағы өрт сөндіру бекеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносовка ауылында  өрт сөндіру бекеті  ашылды.

Бекеттің салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов құтқару қызметіне тиесілі орталықтың жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты.

– Ломоносовка ауылы аудан орталығы – Новоишимское елді мекенінен 65 шақырым жерде орналасқан. Бүгіндері ауылдық округте 2000-нан астам адам тұрып жатыр.  Баспаналардың барлығы пеш арқылы жылытылады.  Өкініштісі, қыс уақытында төтенше жағдайлар тіркеліп жатады. Олардың алдын алу және қызыл жалынға қарсы күрес қашан да өзекті мәселе. Бұл ретте жаңа бекеттің тигізер пайдасы зор, – деді Ерлан Аманжолов.

Жыл басынан бері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 33 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам жарақат алды.  Материалдық шығын көлемі  15 млн. 724 мың теңгені құрады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

қоғаммен байланыс жөніндегі тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp