Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп,күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселе қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пилоттық өңірлердің тізбесін және 2023 жылға арналған аудан әкімдерінің сайлауын өткізу күнін белгілеу және бекіту туралы ұсыныс енгізді.
Бұл мәселе тұрақты комиссияның отырысында алдын ала қаралған болатын. Тұрақты комиссияның төрайымы Сәуле Сұрағанова аудан әкімдерінің сайлауы өтетін пилоттық өңірлер ретінде Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарын атады. Бұл аудандарда сайлау үстіміздегі жылдың 5 қарашасында өтеді. Мәслихат депутаттары ұсынысты қолдап, шешім қабылдады.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.