Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әділетті әлеуметтік саясат  жүргізсек қана    Мемлекет басшысы діттеген меже – «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз.  Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі. Елде даму, халықта сенім болуы үшін қоғамның барлық саласы осы қастерлі қағидаға табан тірегені жөн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын  жүзеге асыра отыра, біз дамыған елдермен терезесі тең мемлекетті қалыптастырамыз.   Осыған өзінің зор үлесін қосып келе жатқан  «AMANAT» партиясының   сайлауалды бағдарламасында Жолдауда айтылған түйінді мәселелердің барлығы қамтылған.   

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық салада жаңа өзгерістер енгізу, ресурстар мен технологияларды пайдалану қажеттігін атап өтті. Елдің өңдеу өнеркәсібінің  төмен көрсеткіштері туралы мәселе  партиялық алаңдарда көтерілді, өйткені бұл сала экономиканы дамытудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты Президент экономиканы одан әрі әртараптандыру және отандық кәсіпорындардың өз шикізатына әділ бағамен қол жеткізуін қамтамасыз ету, шикізаттық емес секторларды дамыту жөніндегі міндеттерді нақты айқындады. Бұл елдің мұнай мен газға тәуелділігін төмендету жолындағы шешуші қадам болып табылады.

Президент атап өткен маңызды мәселелердің бірі – мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі. Бірнеше жыл бойы партияластарымызбен қаладағы және ауылдардағы әртүрлі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мен уақтылы іске қосылуын мұқият қадағалап отырғанымызды атап өткім келеді. Осы уақыт ішінде біз мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнаманың кемшіліктерін бірнеше рет байқадық. Соның салдарынан құрылыс мерзімдерін кешіктіру, сапаның төмендеуі, материалдардың, жұмысшылардың жетіспеушілігі сияқты проблемалар туындады. Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін толық енгізу бұл мәселенің  оң  шешілуіне  септеседі.

Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өйткені кәсіпкерлік дамыса  экономикалық өсім артады,  тұрақты жұмыс орындары болады «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын әзірлеу және қабылдау кезінде біз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес саласын дамытудың маңыздылығын ескердік. Бұл  бағыттағы тиісті іс-шараларды белгіледік. Мәселен, 2027 жылға дейін біз кемінде 30 мың жұмыс орнын құруды, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерін 36 мыңға дейін ұлғайтуды, орташа еңбекақыны 339 мың теңгеге дейін өсіруді және тағы басқаларды жоспарладық.

Жолдауда Президент қозғаған тағы бір маңызды мәселе – азық-түлік қауіпсіздігі. Бұл –  біздің мемлекетіміз үшін өзекті. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды жандандыру қажет. Бұл тек бастапқы өңдеуді ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел бойынша дайын өнім өндірісін ұлғайтуды қамтиды.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы өңіріміздің сүт өндірісін дамыту жөніндегі оң тәжірибесін  үлгі етіп, оны ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бағыттарына тарату үшін ұсынғанына қуаныштымын.

Президент өңірлерде белсенді іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» партиялық бағдарламасы арқылы ауылды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Табыс теңсіздігі мәселесін шешу, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша белгіленген шаралар Әділетті қоғам құру үшін зор маңызға ие. Бүгінгі таңда біздің облыс бойынша жобаға қатысу үшін 300-ге жуық адам өтінім берді. Ауыл тұрғындарын қолдауда бұл  бағдарлама тиімді екені айқын, сондықтан біз бұл жұмысты жалғастыруымыз керек.

Біздің партиямыз «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын да сәтті жүзеге асырып жатыр. Президент көмекке мұқтаж азаматтарды барынша қамтуды тапсырды. Бұл маңызды жобаға  қатысу үшін қаржылық болжаудың негіздерін түсіндіретін мықты қаржылық сарапшылар мен жаттықтырушыларды шақырдық. Жоба жүзеге асқан алғашқы айларда  қарыздары бар ауыл тұрғындарынан оң пікірлер естідік. Сондықтан   ауыл тұрғындарын көбірек қамтуды жоспарлап отырмыз.  Жоба басталғаннан бері біздің өңір бойынша 3300-ден астам азамат оқудан өтті. Жалпы биыл 10 мыңға жуық солтүстікқазақстандықты қамтуды жоспарлап отырмыз.

Адами капиталды дамыту саясаты жалғасады. Еліміздің экономикалық дамуы бойынша кешенді шаралардан басқа, Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарына елеулі қолдау көрсететін мақсатты бастамаларды да атап өтті. Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеру, зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдарға зейнеткерлік жасқа толғанға дейін көмек көрсету үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді шешу туралы сөз  қозғады.

Президент экологиялық тұрақтылық мәселелеріне де ерекше назар аударды. Суды үнемдеудің озық технологияларын ілгерілету және төмен көміртекті экономикаға көшу елдің табиғи ресурстарын сақтау жолындағы маңызды қадамдар болып табылады. Табиғи ресурстарды сақтау мәселесін шешу үшін партия «Жер аманаты» жобасын іске асыра отырып. Өткен жылы  облыс бойынша 304 мың гектардан астам пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтарылды.  Қабылданған шаралардың арқасында биыл кемінде 330 мың га мемлекет меншігіне өтті. Қоршаған ортаны қорғау партия мүшелерінің ұдайы назарында. Себебі  табиғат  – басты байлығымыз.

Қазақстанның экономикалық даму, әлеуметтік прогресс және қоршаған ортаны қорғау саласында өңірлік көшбасшы болуға әлеуеті бар. Мемлекет басшысы ел тағдырына алаңдаған әрбір азаматқа сенім білдірді. Ол еліміздің жетекші саяси күші ретінде «AMANAT» партиясына ерекше үміт артады. Мемлекет басшысының бастамаларына өз қолдауымды білдіргім келеді.  Біздің партиялық қоғамдастық   ынтымақтаса жұмыс істеуге және кез келген көмекті көрсетуге дайын.

Жеңіс АСАНОВ,

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp