ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында аударыспақтан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Виктор Тимофеев жаһандық дода жүлдегері атанды.

Аударыспақтан өткен әлем біріншілігіне жеті елден 40-қа тарта спортшы қатысты. Ұлттық құрамамыздың жігіттері алты салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге таласты. Барлығы да жүлдегерлер қатарынан көрінгенін мақтанышпен айтамыз. Петропавлдағы «Арғымақ» клубының мүшесі Виктор Тимофеев халықаралық деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан қола медаль еншіледі. Солтүстікқазақстандық спортшы 3 рет жекпе-жекке шығып, тек біреуінде ғана есе жіберді.

– Виктор 100 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Алдымен Ауғанстаннан келген қарсыласын аттан аударып тастады. Кейін жарыс иесі – қырғызстандық спортшыға есе жіберді. Ал үшінші орын үшін таласта қытайлық спортшыны жеңді, – дейді «Арғымақ» клубының бапкері Санат Есмағұлов.

Виктор Тимофеев енді «Көшпенділер ойыны» халықаралық турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жарыс келер жылы Астана қаласында өтеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp