«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.10.2023

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Технология заманында әрбір іс-әрекетіміз интернетпен ті­ке­лей байланысты. Қажетті қыз­меттерді пайдалану ке­зінде өзіміздің жеке дерек­терімізді жазамыз. Цифрлық даму, иннова­циялар және аэ­роғарыш өнер­кәсібі министрлігінің Ақ­параттық қауіпсіздік ко­митеті жеке дерек­терді қалай қорғау керектігі туралы бірқа­тар кеңес ұсынды. Өмірдегі қауіпсіздігіміз қандай маңызды болса, цифрлы əлемдегі қауіпсіздігіміз де дəл сондай ма­ңызды. Қазір онлайн режімде бар­лығы қолжетімді. Жұмысты онлайн істейміз, пікірді …

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ Read More »

Тұмаудан сақтанудың жолы бар

Облысымызда жедел респираторлық вирустық инфекциямен өткен эпидемиологиялық маусымда 53 мыңнан астам адам ауырған. Бұл оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Өңірде тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күш­басовтың айтуынша, ЖРВИ-мен ауырғандардың 65 пайызы не­ме­се 35 мыңға жуығы – 14 жасқа дейінгі бала. “Қазан айынан ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық …

Тұмаудан сақтанудың жолы бар Read More »

Жүрек қалауы

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық – адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы, ең алдымен, жеке тұлғаның ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының асқаралы биігінен көрінуі тиіс. Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей – жиырма бір жыл бұрын ашылған білім …

Жүрек қалауы Read More »

ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі уақытта білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының із-денуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Қазіргі қоғамда ерекше ойлайтын, белсенді, шығармашыл, қойылған …

ЗАМАН ТАЛАБЫ Read More »

ҰЛАҒАТТЫ ЖАН

Ұстаздық –  жер бетіндегі ең көне мамандықтардың бірі. Нағыз ұстаз деген сабырлық пен мейірімділікті, талапшылдық пен жұмсақтықты қатар алып жүрген, өз ісін сүйіп таңдаған таудай тұлға. Осындай жандардың бірі –  Тимирязев ауданында тұратын педагогикалық еңбек ардагері Фатима Нұрышева. Бойындағы асыл мінезді әкесі – Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманнан сіңірген. Фатима Құрманқызы 11 жасқа келгенде анасы …

ҰЛАҒАТТЫ ЖАН Read More »

Сапалы білім кепілі

Жаңаша ойлау, зерттеу – бүгінгі заман талабы. Қазіргі таңда білім қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талап осындай. Өзінің әр қадамына сыни көзбен қарай алатындар ғана өз құзіреттілігін шыңдай алады. Кәсіби дағдысы жоғары болғанда ғана абыройы биік, ұстанымы мықты болады. Жаңа форматтағы мұғалім – тың технологияны меңгерген, күнделікті біліктілігін арттыруға құмар, әдеби кітаптарды көп оқып, рухани байлығын …

Сапалы білім кепілі Read More »

Өңдеу өнеркәсібін өзектендіру – уақыт талабы

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту шаралары қаралды. Сондай-ақ отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күн тәртібіне шықты. Өндіріс дамуындағы оң динамика Елімізде өңдеу өнеркəсібі өрісін кеңейтіп, өнім көлемін арттырып келеді. Өткен жылдың қорытын­ды­сына сəйкес еліміздің ішкі жалпы өні­мінің 13,4  пайызын осы сала құ­рапты. Сөйтіп экономикаға қосқан …

Өңдеу өнеркәсібін өзектендіру – уақыт талабы Read More »

Қордың қолдауы тегін

Мемлекеттің арнайы бағдарла­маларын жүзеге асыру арқылы отандық өндірісті дамыту көз­дел­ген. Бағдарламалардың опе­ра­торларының бірі – “Даму” кәсіп­кер­лікті дамыту қоры” АҚ. Қор кәсіп­керлік субъектілерге субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдар арқылы жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көр­сетеді. Қор кәсіпкерлерді республика­лық бюджет қаражаты есебінен қолдайды. Қордың қызметі аясында кәсіпкер өзіне тиімді бағдарламаны таңдаудан бастап, жоба жүзеге ас­қанға дейінгі …

Қордың қолдауы тегін Read More »

“ҚАРЛЫҒАШ” ТІГІНШІЛЕР КЛУБЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында “Қарлығаш” әйелдер тігін клубы ашылды. Онда қыз-келіншектер тігіншіліктің қыр-сырымен танысады.  Тың жобаны өңірге танымал ди­зайнер Зарина Черняева қолға ал­ған. Дизайнердің айтуынша, клуб әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жаңа орталықта көп­ба­лалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер тігін ісін меңге­реді. Клубтың ашылуына облыс  әкімі жанындағы және аудандық  әйел­дер істері …

“ҚАРЛЫҒАШ” ТІГІНШІЛЕР КЛУБЫ Read More »

Онлайн кезек

Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар “Мо­бильді ХҚКО” қосымшасы арқылы емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады. Бұл жаңашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызмет алушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді. Ол үшін қолданушыға “Мобильді ХҚКО” қосымшасында “Бейне қыз­метті” таңдау керек. Бұл сервис қыз­мет алушыны МХҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды …

Онлайн кезек Read More »

Үміткерлерді ұсынды

Облыста қарашаның 5-сі күні өтетін аудан әкімдерінің сайлауына “Amanat” партиясы атынан қатыса­тын үміткерлердің есімдері жария­ланды. Саяси партия атынан әкім­дер сайлауына Есіл ауданынан Ме­реке Мұхамедияров, Мамлют ауданынан Леденевка ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов пен Тимирязев ауданынан Ерлан Жаров түседі. – Менің ойымша, барлық ұсы­нылған үміткерлер – аудандардың дамуына сүбелі үлес қоса алатын азаматтар. Енді сайлауда кандидат­тар …

Үміткерлерді ұсынды Read More »

Пәтер құны неге қымбат?

Облыс орталығында пәтер жалдау мен сатып алу құны жыл­дан-жылға қымбаттап барады. Риелторлар баспана құны еліміздің мега­полис­те­ріндегі пәтер бағасынан қымбат болмаса, арзан емесін айтады. Астана, Алматы, Шымкент қала­ла­рындағыдай миллиондаған тұр­ғы­­ны болмаса да, Петропавлда үй ба­ғасы шарықтап тұр. Былтыр көр­шілес Ресей еліндегі жағдайға бай­ланысты шекарадан бері ағыл­ған халықтың сұранысы пәтер жал­дау құ­нын аспандатып жіберген еді. Алайда арада …

Пәтер құны неге қымбат? Read More »

ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕННІҢ ІСІ ҰТЫМДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетовтің төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Ауыл ша­руа­шылығы және жер қатынаста­ры бас­қармасының басшысы Мей­рам Мең­дібаев астық жинау бары­сы­на тоқ­талды. Биыл диқандар 3,4 млн. гек­тарға дәнді және бұр­шақты, 685,8 мың гектарға майлы, 367,4 мың гек­тарға жемшөп дақылда­рын, 28 мың гектарға картопты, 5,5 мың гектарға көкөніс егіп, шашаусыз жи­нап алу нау­қанына тамыз айынан жұ­мыла …

ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕННІҢ ІСІ ҰТЫМДЫ Read More »

ТАПСЫРЫС БОЛСА, ТАБЫС МОЛ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығындағы бірне­ше кәсіпорынды аралап, жағдайды саралады. Алдымен “Мұнаймаш” АҚ-ға ат басын тіреді. 138 адам еңбек ете­тін кә­сіпорын мұ­най-газ жабдықтарын шы­ғарумен айналысады. Жұмысшы­­­­лардың орта­ша жалақысы 370 мың теңгеге жуық. Жылына 6 мил­лиард теңгенің өнімі шығарыла­ды. Зауыт ұңғы­малық штангалық сорғылар мен олардың қосалқы бөлшек­терін құ­рас­ты­руға да маман­данған. АҚ бас директоры­ның орын­ба­сары Федор …

ТАПСЫРЫС БОЛСА, ТАБЫС МОЛ Read More »

Алексей Луценко – Азия ойындарының жеңімпазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойын­дарында солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Лу­ценко чемпион атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов құттықтады. “Алексей Луценко жекелей сын­да Азия ойындарының чемпионы атанып, еліміздің қоржынына бе­сінші алтынды салды. Біздің жер­лесіміз осымен төртінші мәрте бұл сындардың жеңімпазы болып отыр. Алда топтық жарыс бар. Вело­шабандозымызға жеңіс …

Алексей Луценко – Азия ойындарының жеңімпазы Read More »