«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алексей Луценко – Азия ойындарының жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойын­дарында солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Лу­ценко чемпион атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов құттықтады.

“Алексей Луценко жекелей сын­да Азия ойындарының чемпионы атанып, еліміздің қоржынына бе­сінші алтынды салды. Біздің жер­лесіміз осымен төртінші мәрте бұл сындардың жеңімпазы болып отыр. Алда топтық жарыс бар. Вело­шабандозымызға жеңіс тілеймін”, – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

Алексей Луценко жекелей сында 39,6 шақырымдық қашықтық­ты 48:05:75 секунд ішінде бағын­дырды. Екінші орынға Қытай спорт­шысы Сюэ Мин жайғасса, үздік үштікті гонконгтік велошабандоз Вин­сент Ван Лау түйіндеді.

Алексей Луценко – бұған дейінгі Азия ойындарының үш дүркін же­ңімпазы. Жерлесіміз 2014 жылы Оң­түстік Кореяның Инчхон қаласын­да өткен жарыста жекелей сында алтын алса, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында жекелей және топтық жарыста топ жарған болатын.

Ханчжоудағы Азия ойындары қазанның 7-сі күні аяқталады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp