«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Технология заманында әрбір іс-әрекетіміз интернетпен ті­ке­лей байланысты. Қажетті қыз­меттерді пайдалану ке­зінде өзіміздің жеке дерек­терімізді жазамыз. Цифрлық даму, иннова­циялар және аэ­роғарыш өнер­кәсібі министрлігінің Ақ­параттық қауіпсіздік ко­митеті жеке дерек­терді қалай қорғау керектігі туралы бірқа­тар кеңес ұсынды.

Өмірдегі қауіпсіздігіміз қандай маңызды болса, цифрлы əлемдегі қауіпсіздігіміз де дəл сондай ма­ңызды. Қазір онлайн режімде бар­лығы қолжетімді. Жұмысты онлайн істейміз, пікірді онлайн білдіреміз, тамаққа да онлайн тапсырыс жа­саймыз, билетті онлайн сатып ала­мыз, құжаттарды да онлайн рет­тейміз. Осы қызметтердің бəріне онлайн төлем жасау да түк қиын емес. Күнделікті өміріміздің көрінісі осы.

Алайда аңғарған болсақ, осы­ның барлығын жүзеге асыруға жеке деректеріміз қолданылады. Сондықтан абай болмасақ, алаяқ­тарға алданып қалу оп-оңай. Өткен жылы əлем бойынша əртүрлі ки­бер­шабуылдың саны 90 пайызға өскен. Яғни технология өмірімізді қалай жеңілдетсе, солай қиында­тып та жатыр. Мəселен əртүрлі əлеуметтік желіден, əсіресе “WhаtsApp” чаттардан келетін қор­ғалмаған сілтемелер өте қауіпті. Одан кейін кез келген жерге жазып қалдыратын телефон нөміріміз бен электронды поштамыз да – аса құнды дерек.

Ал киберқылмыстың құрбаны­на айналмау үшін əрбір адам ки­бергигиена ұғымын күнделікті өмі­ріне енгізуге тиіс. Сондықтан қо­ғам­ның цифрлы сауатты болуы қауіпсіздік үшін аса маңызды.

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі ми­нистрлігі Ақпараттық қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Руслан Əбді­қалықовтың айтуынша, жеке де­ректерді қорғауға нақты қадамдар жасалуы қажет.

– Цифрлы гигиена – интернет­те қауіпсіздікті сақтауға көмекте­се­тін ережелер мен нұсқаулар жиын­тығы. Интернет пайдаланушыла­рына əуелі əртүрлі аккаунттарға бір­дей құпия сөзді қолданбауды əрі күрделі құпия сөз ойлап табуды ұсынамын. Бұл жеке ақпараттарға рұқсатсыз кірудің алдын алуға кө­мектеседі. Одан кейін құрылғыда­ғы бағдарламаларды жаңартып отыру керек. Өйткені жаңа нұсқа­ларда қауіпсіздік күшейтіліп оты­рады. Бұл хакерлердің шабуылда­рынан қорғауға көмектеседі. Сон­дай-ақ күдік тудыратын хабарла­маларға жауап бермеген əрі бей­таныс адамдар жіберген сілтеме­лерді ашпаған абзал. Вирустардан жəне басқа да қауіптерден қор­ғауға антивирус бағдарламаларын пайдаланған жөн. Бұл құрылғы зиянды бағдарламалардан қорғау­ға көмектеседі. Жеке ақпарат­тарды бейтаныс сайттар мен қо­сымшаларға сеніп, жібере беруге мүлде болмайды. Жеке ақпаратты ұсынар алдында сайттар мен қо­сымшаларды мұқият тексеру ке­рек. Сонымен қатар желідегі па­рақшаларды қорғауға екі фактор­лы аутентификацияны пайдалану қажет. Бұл парақшаларға рұқсат­сыз кірудің алдын алуға көмектесе­ді. Əрі əлеуметтік желілерде жəне басқа да онлайн-сервистерде құ­пиялы тетігінің орнатылғанын тек­серіп алған дұрыс. Бұл жеке ақпа­раттардың тек жіберген адамдарға қолжетімді екеніне көз жеткізуге көмектеседі, – дейді Руслан Əбді­қалықов.

Айтолған ЖҮСІПХАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp