«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПСЫРЫС БОЛСА, ТАБЫС МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығындағы бірне­ше кәсіпорынды аралап, жағдайды саралады.

Алдымен “Мұнаймаш” АҚ-ға ат басын тіреді. 138 адам еңбек ете­тін кә­сіпорын мұ­най-газ жабдықтарын шы­ғарумен айналысады. Жұмысшы­­­­лардың орта­ша жалақысы 370 мың теңгеге жуық. Жылына 6 мил­лиард теңгенің өнімі шығарыла­ды. Зауыт ұңғы­малық штангалық сорғылар мен олардың қосалқы бөлшек­терін құ­рас­ты­руға да маман­данған. АҚ бас директоры­ның орын­ба­сары Федор Дмитриев жабдық­тар­ды құ­растыру барысымен таныс­ты­рып, дайын бұйым­дарды көр­сетті. Ше­телдік қон­дырғылар “Өнімділік – 2020” өндіріс­тік бағдар­ламасы аясын­да сатып алы­ныпты. Жылына 10 мыңдай сор­ғы шыға­рылып, ішкі нарыққа жөнелтіледі.

2021 жылы құрылған Солтүстік фанер комбинатында өңір басшы­сына ламинатталған өнім шығаратын озық технологиялар көрсетілді. Ши­кізаттың 70 пайызы көрші Ре­сейден жеткізіледі. Кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Ин­вес­торлар келесі жылы жаңа желіні пай­далануға беруді жоспарлап отыр.

Өңір басшысы Петропавл ауыр машина жасау зауытындағы жағдай­мен танысты. Кәсіпорынның бас ди­ректоры Арман Құл­мағанбетов өнді­ріс ауқымын одан әрі кеңейту жос­парларымен бөлісті. Мұ­най-газ ком­па­нияларымен ке­лісім­­шарт­тар жа­салған. Темір жол саласы үшін тер­мос-вагондар, бөлшектер мен то­раптар жасайды, сондай-ақ мемле­кеттік қорғаныс тапсырысын орын­дайды. Мұнда әлеуметтік осал азаматтарға түрлі материалдық көмек­тер көрсетіледі.

Бұдан соң Ғауез Нұрмұхамбетов С.М.Киров атындағы зауытқа бар­ды. Кәсіпорын тау-кен, мұнай, темір жол, әскери және азаматтық сектор үшін өнім өндірумен айналысады. Әкім осында жасалған құрылғы­лармен, өндіру процесімен таныс­ты. Лифт өндірісі де жоспар­ланған. Кәсіпорында 487 адам ең­бек етеді. Қыз­меткерлердің орташа жала­қысы – 240 мың теңге.

“Зауыттың бүкіл әлеуеті мен ішкі-сыртқы мүмкіншілігін ортақ мақсатқа бағыттай отырып, тапсы­рыс­тар порт­­фелі қалыптастырылып, өнім на­рығын қамту­, ең бастысы, жоспар­дың орын­да­луын қадағалау қажет”, – деді өз сөзінде облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов.

Өңір басшысы студенттерге ар­налған жа­тақ­хана құрылысымен танысты. Бүгінде екі мың орын тапшы. Қазір 1750 орынды 3 жатақхана тұр­ғызылуда.

– Жыл соңына дейін екі жатақ­хана қолданысқа беріледі. Үшінші ны­санның құрылысы 2024 жылы аяқ­талады. Осылайша жатақханалар­дағы орын тапшылығы айтарлықтай азаяды, – деді облыс әкімі жатақха­налар құрылысын тексеру кезінде.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp