«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАРЛЫҒАШ” ТІГІНШІЛЕР КЛУБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында “Қарлығаш” әйелдер тігін клубы ашылды. Онда қыз-келіншектер тігіншіліктің қыр-сырымен танысады. 

Тың жобаны өңірге танымал ди­зайнер Зарина Черняева қолға ал­ған. Дизайнердің айтуынша, клуб әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жаңа орталықта көп­ба­лалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер тігін ісін меңге­реді.

Клубтың ашылуына облыс  әкімі жанындағы және аудандық  әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі комис­сия қолдау білдірген.

– “Қарлығаш” клубына келем деушілердің барлығын шақыра­мыз. Көпбалалы аналар, жұмыс­сыз қалып, қиындыққа тап болған қыз-келіншектер келіп, кәсіп мең­гереді. Оқыту тегін, – деді Қазақ­стан Рес­публикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және от­басылық-де­мографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мү­шесі Елена Семидоцких.

Клубтың ашылуына өңірдің қо­ғам белсенділері, аудан басшылы­ғы, меценаттар мен кәсіпкерлер қатысты. Қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, ақсақалдар бата­ларын берді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp