Облыста қарашаның 5-сі күні өтетін аудан әкімдерінің сайлауына “Amanat” партиясы атынан қатысатын үміткерлердің есімдері жарияланды. Саяси партия атынан әкімдер сайлауына Есіл ауданынан Мереке Мұхамедияров, Мамлют ауданынан Леденевка ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов пен Тимирязев ауданынан Ерлан Жаров түседі.
– Менің ойымша, барлық ұсынылған үміткерлер – аудандардың дамуына сүбелі үлес қоса алатын азаматтар. Енді сайлауда кандидаттар жеңіске жету үшін партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіреді, – деді “AMANAT” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.
Қазақстанда аудан әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада өтпек. Ал біздің өңірде пилоттық режімде Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдері сайланады. Жалпы 2021 жылдан бастап облыста 175 ауылдық округтің әкімдері сайлағанын айта кеткен жөн.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.