«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бишілер фестивалі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда спорттық бал биі мен брейкингтен халықаралық фестиваль өтті. Дәстүрлі шарада Еуразия кубогы, ел біріншілігінің жүлделері мен облыс кубогы сарапқа салынды.

Халықаралық фестиваль облыста осымен 20-шы рет ұйымдастырылды. Биылғы жарысқа Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Армения, Грекия мен Ресей елдерінен келген 600-ге жуық биші қатысты.

Фестивальда балалар, жасөспірімдер, жастар және ересек спортшылар өз араларында мықтыны анықтады. Би жұптары латынамерикалық, еуропалық бағдарламалар бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер 4 түрлі бағдарлама бойынша анықталды. Балалар, жасөспірімдер, жастар санатында өнер көрсеткендерге дипломдар, кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ал ересектер арасында топ жарғандар ақшалай сыйақыларға ие болды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp