Жеті атасын білмеген — жетесіз
Қазақ халқы әлімсақтан жеті санын ерекше қастерлеген. Тіл-көзден сақтайды деген ырыммен жеті жасқа дейін баласының шашын өсірген. “Жеті рет өлшеп, бір рет кес” деген нақылды өмірлік ұстаным еткен де біздің халқымыз. Тілі шықпаған сәбиі бар ата-ана “Тілі жеті жаста шығатын баланың ғұмыры елмен тығыз байланыста болады”, – деп ырымдайтын болған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен …