«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНАШЫРЫ БАР АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ЖАЙЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов жұмыс сапарымен Мамлют ауданына барды.  Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысуды “Әйте­ке би СК” ЖШС-ның Калугино ауы­лында салып жатқан сүт өнімдерін шығаратын зауытынан бастады.

Қазан айында іске қосылуы тиіс за­уыт құрылысына тартылған инвес­тициялық қаржы – 2,3 млрд. теңге. Жылына 2700 тонна сүт өндірілмек. Сонымен қатар 600 бас ірі қара  ұстамақ 15 адам жұмыс істейді. “Әйтеке Би СК” ЖШС-ның директоры Асқар Мәдиев атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Өңір басшысы Мамлютка қала­сын­дағы жылыту орталығының қа­зіргі жағдайымен танысып, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселеге назар аударды. 2016 жылы құрылысы басталған жылыту орталығының іске қосылуын тұрғын­дар асыға күткен еді. Алайда құры­лысы аяқталғанымен, іске қосылуы ұзаққа созылып кетті.  

“Қыс қыр астында. Ал жылыту орта­лығында бітпеген шаруа көп. Бұл қалай? Алдағы күндері олқы­лықтар жойылып, жылыту орталығы 100 пайыз іске қосылатын болсын”, – деді Ғауез Торсанұлы.  Жылыту ор­талығының мердігері “Алтын Сол­түстік” ЖШС-ның директоры Руслан Құрмашев түйінді мәселелерді ше­шіп, қазандықты іске қосатынын жеткізді.

Облыс әкімі жөнделіп жатқан жолдардың құрылысымен та­ны­сып, қала тұрғындарымен кездес­ті. Тұр­ғындар тарапынан айтылған кө­ше­лерді жарықтандыру, дәріхана ашу сынды ұсыныстар бойынша жауап­ты тұлғаларға тапсырма жүк­телді. Ал Мамлютка қаласының ішіндегі жолдарды жөндеп жатқан “Гегарт” ЖШС-ның басшысы Андраник Са­кунц қазан айының со­ңына дейін құ­рылысты аяқтауы тиіс. 7 шақырым­дық жолды жөндеуге 83,7 млн. теңге бөлінген.

Осы күні өңір басшысы алқап басына да барды. “Хуландой” ЖШС-ның иелігінде 3074 гектар жер бар. Оның 2312 гектары егістік, қалғаны – мал жайылымы. Шаруа қожа­лығында 160 адамның үлесі бар. Жыл сайын алқапты өңдеуге 62 тон­на тыңайтқыш қолданылады.

“Қожалықта – 10 комбайн, 10 трак­тор мен басқа да қажетті тех­никалар бар. Ұжымда 16 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орта­ша жалақысы – 178 мың теңге кө­лемінде. Былтыр мемлекеттен 24 млн.теңге субсидия алдық”, – дейді серіктестік басшысы Небиюла Сағындықов. Мұнан кейін диқан­дармен тілдескен облыс басшысы кез келген проблеманы шешудің тиімді жолы қарастырылатынын айтты.

Өңір басшысының жұмыс сапа­ры Новомихайловка ауылындағы сұйық тыңайтқыш шығару зауытында жалғасты. 2020 жылы іске қосылған зауыттың инвестициялық құны – 113,1 млн.теңгені құрайды. Жылына 1500 тонна аммиакті кар­бамид қоспасын шығаратын зауытта 4 адам жұмыс істейді. Зауыттың қазіргі кезде атқарып жатқан шаруаларына тоқталған “Новомихайлов­ское – 2003” ЖШС-ның директоры Вя­чеслав Щеголев әр жұмысшының жалақысы 300 мың теңгенің көлемін­де екенін айтты. Сонымен қатар осы ауылда серіктестіктің көмегімен спорт кешеніне күрделі жөндеу жұ­мысы жүргізілген. 2024 жылы қолдануға берілетін нысан құрылысына жұмсалатын қаржы көлемі – 50 млн. теңге.

Меңгесер ауылына барған Ғауез Нұрмұхамбетов бұл жердегі “Мәм­бетов және К” командиттік серіктес­тігінің әлеуетімен танысты. Серіктестік 2019 жылы сүт фермасын ашқан. Фермадағы 2392 бас сиырдан жылына 3000 тоннадан астам сүт өн­діріліп, нарыққа шығарылады. Фер­маның инвестициялық құны – 2,3 млрд. теңге. Компания директоры Ойрат Нұрмағамбет ферма жұмыс­шыларына арнап баспана салып жатқанын айтты. Серіктестік бұл мақсатқа 98 млн.теңге көлемінде қаржы бөлген. Қазіргі таңда 7 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суреттерді түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp