Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы республикалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. “Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт” деген атаумен өткен отырыста жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде туындайтын мәселелер талқыланды.
Аналар кеңесі өз қызметін 2014 жылы бастады. Қазіргі уақытта елдің барлық аймақтарында аналар кеңесі жұмыс істейді. Біздің өңірде өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын 59 аналар кеңесінің 415 мүшесі бар.
Оралда өткен отырысқа облыстық аналар кеңесінің төрайымы Жұлдыз Саттарова қатысып, “Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт” жобасын іске асыру туралы айтты. “Демеу” балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының психологі Әмір Дулатов “Ойынға тәуелділіктің психологиялық аспектілері” тақырыбында баяндама жасады. Ал клиникалық психолог Резеда Баймухаметова отырысқа қатысушылармен тренинг өткізді.
Жұмыс қорытындысы бойынша Жұлдыз Саттарова жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төсбелгісімен және “Қоғамдық келісім” республикалық мемлекеттік мекемесінің Алғыс хатымен марапаттады.
Анар КАРШАЛОВА,
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының аналар кеңесінің мүшесі.