«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Атаға тартып туған ұл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы При­бреж­ное ауылдық округіне 3 елді ме­кен қарайды. Соның бірі – Ша­хов­­ское ауылында ірілі-ұсақты бір­не­ше шаруашылық құрылған. Со­лар­­дың біріне Диас Дайыров же­текші­лік етеді. Бүгінде оның бас­қаруын­дағы “Крахмал Агро” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі бір­неше ба­ғытта жұмыс істейді. Ең не­гізгісі – ауыл шаруашылығы сала­сы. Биыл 7 мың гектар алқапқа, би­дай, арпа, сұлы және майлы да­қылдар өсіріп, күзгі егін орағын ал­дыңғылардың қатарында ұйым­шыл­дық­пен аяқ­тады. Озық техно­логияларды тиімді қолданудың арқасында орта есеппен алғанда гектар түсімділігі 17 гектарға жуық­тады. Ауа райы­ның бүгінгідей күр­делі шағында бұл – өте жақсы көр­сеткіш. Қамбаға түс­кен астықты та­залап, кептіріп, са­палы тұқымын әзірлеу үшін келесі жылдың қамы­на алаңсыз кірісіп кеткен.

Диас егіншіліктен бөлек, мал өсірумен де айналысады. Серіктестікте 1500 ірі қара мен 250 бас жылқы бағылады.

Жергілікті тұрғындар жас та болса бас бола білген оның ұйымдастырушылық, көпшіл, елдік қа­сиеттері атасына тартқа­нын сүйсі­не айтады. Атасы марқұм Әлібай Дайыров – қарша­дайынан еңбек етіп, үлкен абырой­ға бөленген ел ар­дақтысы. Тіркеу­шіліктен егіс бри­гадиріне дейінгі жолды өткеріп, кейін трак­торшы және комбайншы курсын бітірген. “Сталинец-1” комбай­ны­мен бір маусымда 6508 цент­нер астық бастырып, “Еңбек Қызыл Ту” орде­німен марапатталған. Жан­кеш­ті еңбегі екі рет “Ленин”, “Құр­мет бел­гісі” ордендерімен атап өтіл­ген. 1976 жылы Социалистік Ең­бек Ері атанған. Бүгінде Шаховское ауы­лын­да бір көшеге есімі бе­рілген.

Диастың қолға алған бір ша­руасы – екі жақты меморандум мін­деттемеcіне сәйкес ауыл тұрғын­дары үшін демалыс орталығын тұрғызуы. Оны келесі жылы пайдалануға беруді ойластырып отыр.

Дәурен РАМАЗАНОВ,

Прибрежное ауылдық округінің әкімі.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp