«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салық төлеу – міндет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жолда­уында кәсіпкерлік субъектілерінің назарын мемлекеттік кірістер ор­гандарының салық төлеушілермен өзара іс-қимылының қолданыстағы моделін өзгертуге мүмкіндік беретін және мәжбүрлеп салықтық әкім­шілендіруден оның профилактика­лық сипаттағы қызмет етуіне көшуге ықпал ететін адалдық пен заңға мойынсұнушылық қағидаттарына ау­дарды. Конституцияның 35 бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әр азаматтың бұлжымас борышы бо­лып табылады. Мұның өзі мемле­кеттік бюджетті толықтыруға және қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Алайда барлық кәсіпкерлік субъектілері өздеріне заңмен жүк­телген талаптарды тиісті деңгейде орындай бермейтінін қолдағы деректер айғақтайды. Мемлекеттік кірістер органдары жыл басынан бері салық жеңілдіктерін алу және салық төлемдерін азайту мақса­тында салық төлеушілер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 111 талап арыз берді. 2022 жылға қарағанда талап арыздар саны 7 пайызға азайғанымен, жағ­дай көңіл көншітпейді. Талап арыз­дардың 43 пайызы бойынша өті­ніштер қанағаттандырылды, қалған мәмілелер сот өндірісінде қаралуда.

Мемлекеттік кіріс органдарының талап арыздары бойынша соттар шығарған шешімдерді талдау ба­рысы кәсіпкерлік субъектілерінің даулы мәмілелер жасауының негізгі себептерін анықтап берді. Атап айтқанда, салық салынатын базаны (қаражат айналымының) жасанды түрде азайту, бюджетке төленуі тиіс салық мөлшерін заңсыз төмендету, не белгілі бір преферен­циялар алуға (төлеуден босату, субсидиялар алу) әкеп соғатын жо­сықсыздықтар және тағы басқалар. Осыған байланысты мемлекеттік кіріс органдары сот актілері негізінде жасырын салық­тарды қосымша есептеу және өн­діріп алу жөнінде нақты шаралар қабылдады.

Облыстық прокуратура кәсіп­кер­лік субъектілерін салықтарды, алым­дарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу жөніндегі талап­тарды мүлтіксіз орындауға шақы­рады.

 Майрамгүл ЖҮНІСОВА,

облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы, сотта мемлекет мүдделерін білдірудің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау тобының аға прокуроры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp