Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өнімділігі жоғары заманауи техникалар шығарумен айналысатын шетелдік компания – “Mahindra Group” концернінің өкілі, “Sampo Rosenlew” компаниясының бас директоры Девен Катария және коммерциялық директоры Сами Сеппаламен кездесті.
Әлемге танымал компания “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында орналасқан “Қазтехмаш” зауытында жылына 100 комбайн құрастырады. Қатысушыларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.
Екіжақты кездесу кезінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өндірісті оқшаулау үлесін ұлғайту, мамандарды оқыту, сервистік қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.