«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шапағаты мол курстар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда “Атамекен” кәсіп­керлер палатасы ұсынған “Мен – кәсіпкермін” жобасы бойынша кә­сібін дөңгелетіп отырған жерлесте­ріміздің қатары көбеюде. Мәселен, биылдың өзінде “Әйелдер кәсіп­керлігін” дамы­ту бойынша 130-ға жуық қыз-келін­шек тегін курста оқып, сертифи­кат алды.

Қазір шаштараздар курсын өтіп жа­тыр. Онда қыз-келіншектер шаш күтімі, шаш қию түр­лері мен әдістерін  үйренеді.

– Теориялық сабақтарды аяқта­дық. Енді қыздар өз білімдерін тә­жірибе жүзінде қолданып, қолдарын жаттықтырады. Курстағы 15 қыздың арасынан 2-3 қатысушыны жұмысқа шақырдым, – дейді курс мұғалімі Татьяна Клабукова.

Курсқа қатысушы Матана Бай­бу­ри­на шаштараз мамандығы бойын­ша білім алған. Алайда тәжірибесін жетілдіру үшін қайтадан курс­тан өтуді жөн көріпті. Өз шеберлігін көрсете білген бойжеткенді тәлімгері жұмысқа шақырған.

Биыл “Әйелдер кәсіпкер­лігін дамыту бағыты” бойынша өткен оқу курстары толығымен аяқталды. Қа­зір келер жылы оқытылатын ма­ман­дық тізімін бекіту үшін өтініштер қабылданып жатыр.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp