«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаланы “жармақ” болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­мен­ті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, 9 қазан күні түскі уақытта белгісіз біреу полицияға хабарла­сып, Петро­павл қаласын жарып жіберетінін айт­қан. Ер адамның Қа­зақстан Консти­туциясы мен “Казах­станская правда” көшесінің қиылы­сында орналасқан “SOS” батыр­масын пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция батальонының қызмет­керлері жетіп, телефон шал­ған кү­діктіні ұстады. Ол Өскемен қала­сының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған.

Медициналық куәландыру нә­ти­­жесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Айтуынша, мұндай қа­дам­ға баруына жеке басындағы қиындықтар себеп болған. Атал­мыш факті сотқа дейінгі тергеп-тек­серу­дің бірыңғай тізіліміне “Тер­роризм ак­тісі туралы көрінеу жалған ха­бар­ла­ма тарату” бабы бойынша тіркел­ді. Қазіргі уақытта тергеу жү­ріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, лаң­кес­тік актісі туралы жалған хабарла­малар құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысын тежейді, ха­барламаны тексеруге айтарлықтай күш жұмсалады. Қылмыстың бұл тү­ріне 5 мың айлық есептік көрсет­кіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 жыл­ға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp