«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП КҮН БОЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ХХ ғасыр әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына биыл – 130 жыл толып отыр. Қаламгердің мерейтойына орай  Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары жергілікті университетте әдеби шара ұйымдастырды. Студенттер  ақын өмірінен сыр шертер кітап көрмесін тамашалады.

Шараға қатысқан жастар Сұл­тан­махмұт Торайғыровтың шығар­малары туралы айтып,  қаламгердің қазақ әдебиетінде алатын орнына тоқталды. Университеттің оқыту­шысы Жанар Құлыбекова  кітапхана мамандарының бастамасына қол­дау білдіріп, даңқты жерлесімізді ұлықтаудың кемшін түсіп жатқанын атап өтті.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы Ақжар ауданындағы Сазба­уыр ағаш деген жерде  дүниеге кел­ген. Қаламгер Керекудегі туыс­та­рының қолында өседі. Жасынан жоқ­шылық көрген қайсар жан Алаш қоз­ғалы­сына қолдау білдіріп, ұлтымыз­дың азаттығы жолында талмай ең­бек етеді. Ол небәрі 27 жыл ғұмы­рында артына роман, поэма, рухты өлең­дерін қалдырып, қазақ әдебие­тінің қамбасына олжа салды. Бір қуа­нар­лығы, шараға жиналған жастар ақын шығармаларымен жақын та­ныс екен. Қатысушылардың ара­сын­да қаламгер жайлы зерттеу жүр­гі­зіп жүрген студенттер де кездесті.

Шарада студенттерге көшпелі көрме таныстырылып, қаламгердің қилы тағдыры, “Қамар сұлу” рома­ны­ның идеясы жайлы жан-жақты мәлімет берілді. Көркем шығарма оқуға қызығушылығы оянған жастар алдағы уақытта кітапханамыздың оқырманы болатынын айтып, тар­қастық.

Елдана  НҰРПЕЙІСОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp