«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұрпақ тәрбиесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орал қаласының Достық үйінде Қа­зақстан халқы ассамблеясы жа­нын­дағы республикалық аналар ке­ңесінің кеңейтілген отырысы өтті. “Мә­дениетті ана – мәдениетті ұлт” деген атаумен өткен отырыста жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие­леуде туындайтын мәселелер тал­қыланды.

Аналар кеңесі өз қызметін 2014 жы­лы бастады. Қазіргі уақытта елдің бар­лық аймақтарында аналар кеңесі жұ­мыс істейді. Біздің өңірде өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыра­тын 59 аналар кеңесінің 415 мүшесі бар.

Оралда өткен отырысқа облыс­тық аналар кеңесінің төрайымы Жұл­дыз Саттарова қатысып, “Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт” жобасын іске асыру туралы айтты. “Демеу” бала­лық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру ор­талығының психологі Әмір Ду­латов “Ойынға тәуелділіктің психоло­гиялық аспектілері” тақырыбында баяндама жасады. Ал клиникалық психолог Резеда Баймухаметова оты­рысқа қатысушылармен тренинг өткізді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Жұл­дыз Саттарова жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төс­белгісімен және “Қоғамдық келі­сім” республикалық мемлекеттік ме­кеме­сінің Алғыс хатымен марапат­тады.

 Анар КАРШАЛОВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының аналар кеңесінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp