«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Этностар атласы әзірленеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде Республика күніне арналған іс-шаралар аясында Қазақ­стан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың “Көп этностық Қазақстан: ұлттық бірліктің қалыптасу жағда­йындағы этномәдени генезис” атты өңірлік конференция өтті. Кон­ференция жұмысына А. Мырзахме­тов атындағы Көкшетау универси­тетінің ғылыми мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Қапышев, ха­лықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы А. Свинарчук қатысты.

Топтың төрайымы Гүлбақша Мұсабаева іс-шараның мақсаты – өңірдің көп этностық құрамына құрметпен қарауды нығайту екенін атап өтті. Конференцияға қатысушы­лар қазақстандық бірліктің негізгі аспектілері жайында пікірлерін айтып, өңірде жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қоры­тындысымен таныс­ты. Сауалнамаға 800-ге жуық адам тартылған.

Облыстық этномәдени бірлестік­тердің этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі жұмысы туралы “Қазақстанның орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тамара Родная, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының журна­листер клубының төрайымы, “Копер­ник” поляк мәдени ұйымы төраға­сының орынбасары Валентина Кор­неева баяндады.

Ғылыми-сараптамалық топтың отырысына бірқатар аудандық мұ­ражайлардың басшылары шақы­рыл­ды. Оның өзіндік себебі бар. Өңірде Шал ақын мен Мағжан Жұ­мабаевтың мерейтойлары кеңінен атап өтілді. Шал ақын, Мағжан Жұ­мабаев және Жамбыл аудандық мұ­ражайларының директорлары Мар­жан Тау­шарова, Серік Жұмағұлов, Данияр Мәкенов этномәдени ор­талықтармен ынтымақтастық орнату тәжіри­бе­лерімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар көп этносты Қазақстан мен этно­мәдени генезистің негізгі проблема­лары мен мәселелерін талқылай келіп, М. Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті жа­нын­дағы “Қазақстан халқы ассам­блеясы” кафедрасымен бірлесіп, “Облыс этностары атласын” әзірлеу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ алдағы қызметтің жаңа бағыты айқындалды.

Ғылыми-сараптамалық топтың белсенді мүшелеріне естелік сый­лықтар мен “Қоғамдық келісім” ме­ке­месінің алғыс хаттары тапсы­рылды.

Болат БАЗАРБАЕВ,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының журналистер клубының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp