«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парақорлыққа дін де қарсы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ба­сым­дықтарының бірі – оған қарсы мәдениет деңгейін қалып­тастыру. Сыбайлас жемқорлықтың жаппай сипатқа ие болуы қоғамның барлық саласына әсер етеді. Онымен мін­детті түрде күресіп, жою керек.

Біз бұған мемлекет пен азамат­тар­дың әріптестігін, қоғамның сы­бай­лас жемқорлықты жоюға деген ние­тін, мемлекеттік аппарат қыз­ме­тінің сапасы мен ашықтығын арт­тырғанда ғана қол жеткіземіз. Со­нымен қатар өткір, проблемалық мәсе­лелер бойынша шешімдер қабыл­дап, билікке деген сенім деңгейін арттырғанда, құқықтық ниги­лизмді жойғанда, қоғамдағы бел­сенді аза­маттық ұстанымды нығайтқанда мәселе оңынан шешілмек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында түрлі ныса­налы топтар үшін тұрақты түрде өт­кізілетін ағартушылық, ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарының ма­ңы­зы зор. Діни бірлестіктердің өкілдерін осы шараларға тарту арқылы мемлекет пен азаматтық қоғамның әртүрлі сегменттері ара­сында байланыс орната аламыз. Бұл үдеріс мемлекет пен қоғам арасында сенім мен өзара қолдау ахуалын орнатуға негіз болады. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіз­дікке қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Көптеген адамдарда сыбайлас жемқорлық негізгі әлемдік діндер тұрғысынан қалай түсіндіріледі де­ген сұрақ туындауы мүмкін. Сы­байлас жемқорлықтың тарихы те­реңде. Оған әртүрлі сенімді дерек­көздерге сілтеме жасай отыра анықталған фактілер мен нұсқау­лар дәлел. Яғни сыбайлас жемқор­лық – ең көне және БҰҰ Конвен­циясы растағандай, әлі күнге дейін толық шешілмеген мәселе. Билер­ге пара беруден бас тарту туралы шұғыл ұсыныстар Құранда, Інжіл­де, Три­пи­такта, сондай-ақ Талмуд­та және басқа да ежелгі діни мәтіндерде бар. Сыбайлас жем­қорлық мотив­терінен ашық түрде бас тарту бар­лық аврамиялық діндерде (иу­даизм, христиандық, ис­лам) көрі­ніс тапқан. Құдай адам­дар ұстануы тиіс белгілі бір мінез-құлықты көрсетеді. Дін рухани мә­дениеттің бір түрі ретінде техно­логиялық құрал­дардың көмегімен өмірдің негізгі мәселелерін зерт­тейді. Яғни дін болмыстың барлық аспектілеріне және адам санасына қатты әсер етеді.

Христиан дініндегі сыбайлас жемқорлықтың алғашқы дерегі – 30 күміс ақша үшін ұстазы Иса Мәсіх­ке опасыздық жасаған елші Яһуда Искариоттың әрекеті. Басқа апо­крифтік басылымдарда тағы бір сы­байлас жемқорлық әрекет­тері сипатталады. Мысалы Симон “апостолдардың қолын қою кезінде Киелі Рух берілетінін көріп, елші­лерге: маған да осы билікті бе­ріңіз” деп пара бермекші болады. Оған елші Петр: “Сенің күміс ақшаң саған өлім әкеледі, өйткені сен Құ­дайдың сыйын ақшаға алуды ой­ладың”, – дейді.

“Сыбайлас жемқорлық” шір­кеу­дің канондық ұғымында шайтанның азғыруы мағынасына ие. Католиктік ілімде сыбайлас жем­қорлық сөзсіз күнәнің көрінісі бо­лып табылады, өйткені Елші Иоан­ның айтуы бойынша “…күнә бол­са, заңсыздық бар”.

Қазақстандағы ең көп тарал­ған дін – ислам пара беруге және алуға қатаң тыйым салады. Мұ­сылман­дардың қасиетті кітабы Құранның сүрелері мен аяттарында бұл ере­желер біржақты түсінді­ріледі. Құран мәтіндері оқырманды таза және тақуалық өмір сүруге ша­қырады. Мұсылмандарды әділдік, Құ­дайдан қорқу, ізгілік, шынайылық, жоғары адамгершілік пен адалдық рухында тәрбиелейді. Құ­ранда сы­байлас жемқорлыққа тыйым салу туралы былай делін­ген: “Арала­рыңдағы мал­дарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апар­маңдар” (2-сүре “Әл-Бақара”, 188 аят).

Осылайша әлемдік діндер сыбайлас жемқорлықты, оның бар­лық көріністерін бірауыздан айыптайды.

Әрине, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ажырамас бөлігі бо­лып табылады. Облыстық дін іс­тері басқармасы әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозиция­ланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жү­зеге асыру аясында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мі­нез-құлық құндылықтарын дәріптеу үшін діни бірлестіктердің өкіл­дерін тарта отыра іс-шаралар өткізеді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында МТРА телеарнасында “Нұр” қалалық мешітінің бас имамы К.Мұстафин “Сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу – әркімнің ісі” тақырыбында әңгіме өрбітті. Өңірі­міздегі көптеген діни бірлестік­тердің басшыларымен “Жамағат арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында жеке кездесулер тіз­бегі ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстың діни бірлестіктері көшбасшылары клубының кезекті отырысында парасаттылық пен сы­байлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселесі қаралды. Оны сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп өткіздік.

Мүдделі құрылымдардың, жал­пы азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға бола­ды. Нәсілдік, этникалық, діни және өзге де ережелерге бөлінбесек, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем қарсы қоғам қалыптас­ты­ра аламыз.

Роза ҚАСЕНОВА,

облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp