«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.10.2023

Ғибраты мол ғалым

Қазақ руханиятының да­муына үлкен үлес қосып жүрген әде­биеттанушы ғалым, фило­логия ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Есембековтің есімі әдеби және ғылыми ортаға жақсы таныс. Ол – әдебиет теория­сы, мәтін теориясы мен лингвистикасы, аудармата­ну саласын зерттеуде тыңғылықты еңбек сіңіріп жүрген ғалым. Темірғали Оразғалиұлы 1953 жылы 20 қазанда Мағжан Жұма­баев ауданында дүниеге келген. Өзі туып-өскен ауданның құрметті азаматы. Ұлттық …

Ғибраты мол ғалым Read More »

АУЫЛ ӨМІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ

Қызылжардың құйқалы топырағынан түлеп ұшқан қаламгерлердің қатарында Зейнел-Ғаби Иманбаевтың есімі ерекше ілтипатпен аталады. Біз жазушының ауыл адамдарының өмірін, табиғаты мен тұрмыс-тіршілігін суреттеп жазған маржандай асыл сөздерін оқып, зердемізге түйіп өстік. Зейнел-Ғаби Иманбаев 1924 жы­лы Шал ақын ауданындағы Ортақкөл ауылында дүниеге келген. Зеректігі­нің, өмірге құштарлығының арқасында алдынан кезіккен қиындықтарға мойымай, қазақ әдебиетінің дамуы­на өзінің үлесін қосты. …

АУЫЛ ӨМІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ Read More »

МӘМС жүйесі үмітті ақтай ма?

Қазіргі кезде “сақтандырылма­саң, дәрігер қарамайды” деген тү­сінік халық арасында кеңінен тара­ған. Соңғы үш жылда денсаулық сақтау са­ласына МӘМС жүйесі енгізілгелі түрлі шағымдар толастамай тұрғаны жасырын емес. Қарапайым халық міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің мамандар айтқан пайдасы мен тиімді тұстарын түсін­бей дал. Себебі ақылы жүйенің шикі­лігі қоғамның наразылығын тудырып отыр. Мәселен, өткен жылы бір топ …

МӘМС жүйесі үмітті ақтай ма? Read More »

Тұрғындардың айтары бар

“AMANAT” партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі Мағжан Жұмабаев ауданында аза­маттарды қабылдады. Аудан орталығы мен көрші ауылдардың 20 тұрғыны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, әлеуметтік қорғау, байланыс, газбен қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелерді көтеріп, заңгерлік кеңес алды. Аудан орталығының тұрғыны На­талья Кучерявая Булаево қаласын­да “Дипломмен – ауылға!” бағдарла­масы жүзеге асырылса деп сұрады. Қазіргі уақытта мұнда 4 мектеп, …

Тұрғындардың айтары бар Read More »

Елорда төрінде – Қызылжардың өнімдері

Күз – диқандардың астығын қамбаға құйып алатын, малсақ жандардың, шаруа қожалықтарының төрт түлігін семіртетін, ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарындағы, бау-бақшаларындағы көкөністері мен жеміс-жидектерін жинайтын, оларды саудаға шығаратын, өңдейтін кезі. Жаз бойғы маңдай тердің өтеуі ретінде олар кеткен шығындарының, еңбектерінің пайдасын көруі үшін ақылға сыйымды бағамен өнімдерін саудалайтын орын іздейтіні анық. Бұл баға ырық бермей жатқан қазіргі …

Елорда төрінде – Қызылжардың өнімдері Read More »

ТУРИЗМ – ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ар­наған Жолдауында еліміздің туризм саласындағы әлеуеті жоғары, осы салаға ден қою керек екенін айтты. Туризм – Қазақстан экономика­сындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікі­рін­ше, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы табысты саланың бі­ріне жатады. Көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұ­мыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал …

ТУРИЗМ – ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Read More »

Кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры

Қазақстанда ауыл әйелдері­нің бизнес бастамаларын қол­даудың Кәмшат Дөненбаева атындағы қоры құрылады. Бұл туралы “Ұлы дала” ауыл биз­несін дамыту қауымдас­тығы­ның басшысы Ақмарал Бекмұр­­заева мәлімдеді. Ол статистика бойынша “Қарыз­сыз қоғам” бағдарламасына (халық­тың қаржылық сауаттылығы жөніндегі жоба) қатысушылардың 68 пайызы əйелдер екенін айтты. Нәзік жандар мəселелерін шешу ғана емес, сондай-ақ өз табыстарын арт­тыру үшін де сарапшыларға жүгі­неді. Сондықтан …

Кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры Read More »

АУЫЛДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов кезекті жұмыс сапары бары­сында Айыртау ауданына барып, ал­дымен суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты сұлу Шалқар көлінің жағасында орын тепкен “Изум­рудное” туристік базасына соқты. 2019 жылы пай­далануға берілген демалыс ныса­нын жаңғыртуға жарты млрд. теңгеге жуық инвестиция құйылған. Кешен бір мезетте 100-ге жуық адамды қа­былдай алады. Өңірдегі туризмді да­мытып, жұртшылықтың тынығуына жайлы жағдай …

АУЫЛДАҒЫ ОҢ ІСТЕР Read More »

ІЗГІ ҚОҒАМҒА АПАРАР ЖОЛ

Өңірімізге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді.  Бас мүфти “Иманды ел – ізгі қоғам кепілі” тақырыбында өткен республикалық конференцияға, Мәуліт кешіне қатысып, уағыз айтты. Қоғам жік-жікке бөлініп, дәл қазіргідей екіұшты күй кешіп тұрған уақытта адамның ішкі жан дүние­сіне рухани азық беріп, қоғамның әрбір мүшесін сабырға, төзімділік пен әдептілікті сақтауға күші …

ІЗГІ ҚОҒАМҒА АПАРАР ЖОЛ Read More »

Кешенді шаралар

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Түркияның “YDA Group” компаниясы директор­лар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнді қабылдап, екі­жақты кездесуде денсаулық сақтау саласындағы серік­тестік жайында сөйлесті. Петропавл қала­сында салынып жатқан жаңа аурухананың құрылысы мәселе­сі талқыланды. “Бүгінде орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, көпсалалы медициналық нысанның құрылысын жеделдету бойынша кешенді шаралар атқарылуда.  Біздің өңір үшін бұл – маңызды жоба. Жаңа ау­рухана заманауи …

Кешенді шаралар Read More »

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ

Бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері Биыл облысымызға 2300-ге жуық адам қоныс аударды, оның 138-і – қандас. Өңірге қоныс аудар­ғандардың 31 пайызы Түркістан облысынан келген. Оларға материал­дық көмек көрсетуге және тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге рес­публикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге қаражат бөлінді. Еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыру, яғни жұмыс күші артық өңірлерден кадр тапшы өңірлерге тұрғындарды көшіруді мақсат еткен …

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ Read More »

Бар өмірім өлеңмен өтсе менің, Туған елді жырлауға жетсе лебім…

Сайдың тасындай небір саңлақтарды, от ауызды, орақ тілді шешендерді, баһадүр батырларды, қадау-қадау қаламгерлерді өмірге әкелген қасиетті Қызылжар топырағынан ақсұңқар құстай түлеп, қарымды қалам иесіне айналғандардың бірі – ақын, журналист, аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарасбай Нұрқан. Оның мөлдір шықтай таза, “жүрекке жылы тиіп”, жеңіл оқылатын жырлары, тылсым табиғат сыйлаған ақындыққа деген кіршіксіз махаббаты, қарапайым, …

Бар өмірім өлеңмен өтсе менің, Туған елді жырлауға жетсе лебім… Read More »

Алтайдың ақиығы

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыс­тық балалар мен жасөспірім­дер кітапханасының мамандары есімдері елімізге белгілі қалам­герлердің шығармашылық мұра­сын насихаттауға арналған шара­ларды оқу орындарында өткізуді жалғас­ты­руда. Бұл жолғы кеш “Ал­тайдың ақиығы” атанған Оралхан Бөкей шығармашылығына ар­налды. М.Қо­зыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінде өткен кездесуде студенттерге жа­зушы­ның өмірі мен шығарма­шылығы жайлы айтылып, жастар сүйікті жа­зушылары туралы тол­ғаныстарын білдірді. Жинал­ған­дарға көшпелі кітап …

Алтайдың ақиығы Read More »

ТАҢҒЫ ШЫҚТАЙ ТҰНЫҚ ӨНЕР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXІХ республикалық фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Рухани шараға арнайы шақырылған меймандар, фестивальге қатысқан он театрдың өнерпаздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты шара Сегіз сері атын­­дағы қазақ халық аспаптары оркестрі орындаған “Шат­тық Отаны” күйімен басталды. Ор­кестердің сүйемелдеуімен әнші, “Мә­дениет саласының …

ТАҢҒЫ ШЫҚТАЙ ТҰНЫҚ ӨНЕР Read More »

“Түркия турындағы” жеңіс

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луцен­ко “Түркия туры” көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды. Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде “Alpecin-Deceuninck”-тің намысын қорғаған бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын “Астананың” өкілі нидерланд­тық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди түйін­деді. “Астана” капитаны Алексей Лу­ценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші …

“Түркия турындағы” жеңіс Read More »

Пойыздың астына түскен

Өткен аптада Уголки – Саумал­көл аралығында жүк пойызының ма­шинисі темір жол бойында ұсақ малдың болуына байланысты шұ­ғыл тежегішті қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін бол­маған, соның салдарынан 20 ұсақ мал пойыз астына түскен, оның бірнешеуі өлген. Тексеру барысында үй жануар­ла­рының иесі – 30 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осын­дай құқық бұзушылық жасағаны …

Пойыздың астына түскен Read More »