«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кешенді шаралар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Түркияның “YDA Group” компаниясы директор­лар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнді қабылдап, екі­жақты кездесуде денсаулық сақтау саласындағы серік­тестік жайында сөйлесті. Петропавл қала­сында салынып жатқан жаңа аурухананың құрылысы мәселе­сі талқыланды.

“Бүгінде орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, көпсалалы медициналық нысанның құрылысын жеделдету бойынша кешенді шаралар атқарылуда.  Біздің өңір үшін бұл – маңызды жоба. Жаңа ау­рухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, ақ халатты абзал жан­дар мен науқастар­ға барынша қолайлы жағдай жа­салатын бола­ды. Осылайша солтүстікқазақстан­дықтар жоғары сапалы меди­цина­лық қызметке қол жеткізеді деген сенім мол”, – деді кездесуде Ғауез Торсанұлы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp