«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов кезекті жұмыс сапары бары­сында Айыртау ауданына барып, ал­дымен суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты сұлу Шалқар көлінің жағасында орын тепкен “Изум­рудное” туристік базасына соқты. 2019 жылы пай­далануға берілген демалыс ныса­нын жаңғыртуға жарты млрд. теңгеге жуық инвестиция құйылған. Кешен бір мезетте 100-ге жуық адамды қа­былдай алады. Өңірдегі туризмді да­мытып, жұртшылықтың тынығуына жайлы жағдай жасап отырған дема­лыс орнында коттедждер, монша, басқа да әлеуметтік ғимараттар бой көтерген.

Бұдан кейін өңір басшысы Шал­қар ауылында салынып жатқан мо­дульдік жаңа сорғы станциясының құрылысымен танысты. Бас мерді­гер “УниверсалСтройСервис” ЖШС-ның директоры Жандос Қожақовтың айтуынша, “Ауыл – ел бесігі” бағдар­ламасы аясында жобаны жүзеге асы­руға 674,9 млн. теңге бөлінген. Үш резервуар, трансформатор қойы­лып­ты. Ұзындығы 27,5 шақы­рым болатын сумен жабдықтау желісі жыл аяғына дейін іске қосылмақ.

Айыртау ауылында қолға алын­ған екінші жоба іске қосылса, 29 ауылға орталықтандырылған әдіс­пен су беріліп, тіршілік көзімен қам­тамасыз ету көрсеткіші 84 пайызды құрамақ.

 Биыл Лобаново елді мекенінде бір ауысымда 30 науқасты қабыл­дайтын дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға бері­леді. Жобаның құны – 286 млн. теңге, аумағы – 432,4 шаршы метр.

Осы нысанның құрылысын бақылаған облыс әкімі “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында облыста 7 медициналық нысан салынып жат­қанын, тұрғындардың сапалы өмір сүруі, денсаулық жағдайы басты назарда екенін, медициналық көмек са­пасы жақсаратынын жеткізді.

Өткен жылдың қыркүйек айында осы елді мекенде “Аlmaty Manage­ment Universitety”-нің сенімгерлік бас­қаруындағы “Зейнеп” жоғары көпсалалы колледжі өз есігін айқара ашқа­ны белгілі. Қазір мұнда оқитын 207 студент үшін барлық жағдай жа­салған. Ағымдық жұмыстарға 350 млн. теңге мөлшерінде инвестиция тартылып, оқу корпусы күрделі жөн­деуден өткен. Келесі жылы талап­керлердің саны 450-ге дейін көбей­мек.

“Жерлестеріңіз туған жерінің пат­риоты ретінде үлкен бастама көтеріп, оқу орнын толықтай қалпына келтіріп, жастарға шынайы қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы мақсат – үздік оқу ошақтары қатарынан көріну”, – деген өңір басшысы универ­ситет президенті Асылбек Қожахметовтың қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Оқу орны республикалық мәртебеге ие, білім беру бағдарлама­лары озық технология­ларға негіз­делген.

Өңір басшысымен кездесуде жер­гілікті тұрғындар өздерін толғандырған проблемаларды ортаға сал­ды. Ауылда бір мыңнан астам адам тұрады. 13 көшенің үшеуі ғана ас­фальтталған, 69 пайызы ғана жарықтандырылған. Ауыларалық жолдар да жөндеуді қажет етеді.

“Shalkar Grain” ЖШС-на қарас­ты астық қырманында бір тәулікте 300 тоннаға жуық дақыл тазала­нады. Шаруашылық 4 мың тонна ел ризығын қамбалап алыпты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілер өздеріне тікелей қатысты мәселелерді қозғады. “Саумалкөл Агро” ЖШС-ның директоры Қайрат Болатұлы кеңес заманынан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан су құбырлары әбден ескіргенін, жаңалау қажеттігін алға тартты.

Аудандағы табысты шаруашы­лықтардың бірі – “Tezis” ЖШС. Се­ріктестік сүтті тереңдетіп өңдеумен айналысады, жұмсақ ірімшік өнді­рісі де жақсы дамыған. Осында ең­бек ететін 25 адам тәулігіне 2 тон­наға дейін 25-ке жуық ірімшік түр­лерін дайындайды. Жылдық қуаттылығы – 700 тонна. Кәсіпорынды жаңартуға 500 млн. теңге көлемін­де қаржы бағытталған.

Облыс әкімі аудан орталы­ғын­дағы жаңа орталық қазандыққа бар­ды. 2020 жылы құрылысы бас­тал­ған нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Жобалық құны – 446 млн. теңге. Қазандық іске қосылған жағ­дайда 30 мың шаршы аумақты жылыта алады.

 Қырман басында өткен жиында агроөнеркәсіп кешеніндегі мәсе­лелер талқыланды.

 Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданына қарасты “Атамекен-Агро” серіктестігіндегі 1600 бас сауын сиырға ар­на­лып, тұрғызылып жатқан тауар­лы-сүт фермасын көрді. Германия­дан “Westfalia” жабдықтары әкелі­ніпті. Кәсіпорын алдағы уақытта осы үлгідегі алты кешен салмақ. Бұ­дан бөлек, тұқым өндіретін зауыты бар.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Қы­зылжар ауданында жалғасты. Өңір басшысы “Зенченко және К” коман­диттік серістестігінде болып, тұр­ғын­дармен, аграршылармен әңгі­мелесті.

Елді мекенде жылына 18250 тон­на сүт өндіретін заманауи та­уарлы-сүт кешені жұмыс істейді. 3 мың бастан астам голштин-фриз тұқымды ірі қара өсіріледі. Жыл басынан бері тұтынушыларға 5170 тонна сүт өнімі жөнелтілген. Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі – 40819 гектар. 688 адам жұмыспен қамтылған. Орташа айлық жалақы 264 мың теңгені құрайды. Мәдениет үйі жанынан “Зажигалка”, “Кумуш­ки”, “Раздолье” секілді ән, би ан­самбльдері мен топтары құрылған.

“Зенченко әулеті өз дәстүрін ұр­пақтан-ұрпаққа жеткізіп, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Ауылды көр­кейтуге жұмсалған қаржы – өте қомақты. Спорт кешенін салып, Мәдениет үйі мен балабақша қал­пына келтірілген. Мектеп пен дә­рігерлік амбулатория жаңартылған. Мұның бәрі – ауылға және оның тұрғындарына қолдау жасаудың тамаша мысалы”, – деген облыс әкімі ат басын Новокаменкадағы құс фабрикасы мен Подгорноедегі кірпіш зауытына бұрды. Осыдан бір жыл бұрын 1,7 млрд. теңгеге бой көтерген “Жаңа құс” фабрикасының жылдық қуаттылығы 1,5 мың тон­наға тең. Ал кірпіш зауыты жылына 40 млн. данаға дейін өнім шыға­рады. Сонымен қатар “Ахмудди­нов” жеке кәсіпкерлігінің пеллеттер жасау және ағаш көшеттерін отырғызу кәсібімен, әлеуметтік жа­уапкершілік тәжірибесімен та­нысты.

       Дана ҚАЛИЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp