Өткен аптада Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жол бойында ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежегішті қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, соның салдарынан 20 ұсақ мал пойыз астына түскен, оның бірнешеуі өлген.
Тексеру барысында үй жануарларының иесі – 30 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жыл басынан бері облыста 975 адамға айыппұл салынды.
Әсет ҚАНАФИН.