«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2023

Жұмыссыз жастарға жәрдем

Өңірде “Zhas project” жобасы бастау алып, осыған орай жоба же­текшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шарада “Қазақстан даму ассоциациясы” бірлестігі ди­ректорының міндетін атқарушы Анар Битебаева мен жоба жетекшісі Шыңғысхан Қожахметов сөз сөйледі. “NEET” санатындағылардың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ба­ғытталған жобаға жұмыссыз және оқымайтын жастар қатыса алады. Жоба жеңімпаздарына өз бастамала­рын жүзеге асыру үшін мемле­кеттен алғашқы капитал беріледі. …

Жұмыссыз жастарға жәрдем Read More »

Әр сөзі даналықтың өлшеміндей

Біздің оқыған кітаптарымыз, пікірлескен адамдарымыз, естіген ақпаратымыз өзіндік көзқарасымызды, болмысымыз­ды қалып­тастырады. Сондықтан да күнделікті немен айналысып, қандай контент тұтынатынымызға мән берген жөн. Өзім туралы айтар болсам, менің рухани өсіп-жетілуіме, қалыптасуыма ұлы Абай шығармалары үлкен әсер етті. Дала данышпанының сөзіне ар­қау болмаған тақырып бар ма? Бас ақын өзі өмір сүрген замандағы бар­лық рухани, адамгершілік мәселелер­ді сөз …

Әр сөзі даналықтың өлшеміндей Read More »

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕНДЕР немесе Қызылжар жастары ірі қалаларға қоныс аударуға неге асық?

Бойдағы жастық жалын, айқын мақсат, асқақ арман жас жүректі бұл­қындырмай қойсын ба? Даму мүм­кін­дігі мол, заман игіліктері қолже­тімді ірі қаладағы жайлы өмір көп жастың арманы екені анық. Содан да болар мектеп бітірген, қолына диплом алғандардың басым бөлігі ірі қалаларға асығады. Миллионнан аса тұрғыны бар ірі қалалар жас­тардың ойындағысын жүзеге асы­рып, өз саласында биіктен көрінуі үшін …

ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖЫРАҚ КЕТКЕНДЕР немесе Қызылжар жастары ірі қалаларға қоныс аударуға неге асық? Read More »

АЙТЫСКЕРЛЕР СЫНЫБЫ

Абай атындағы маманданды­рылған қазақ мектеп-гимназия­сында айтыскерлер сыныбы ашылды. Бұл игі іс республикалық “Төрт тоқсан-төрт өнер” жобасы аясында облыстық білім басқармасының қол­дауымен жүзеге асырылды. Айтулы шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры, филология ғы­лым­дарының кандидаты Жанар Та­ласбаева, “Мәдениет саласының үз­дігі” төсбелгісінің иегері Қайырлы Ға­фуров, халықаралық “Қазақ тілі” қоға­мы облыстық филиалының жетек­шісі Жанат Мұхамеджан қатысты. Жас айтыскерлерге арналған ка­бинеттің …

АЙТЫСКЕРЛЕР СЫНЫБЫ Read More »

Озат оқушыларға – шәкіртақы

Петропавлдағы Ғабит Мү­сірепов атындағы №43 орта мектептің үздік оқушылары ай сайын шәкіртақы алып келеді. Қазір оқу ордасында шамамен әр тоғызыншы бала – оқу озаты. Шәкіртақының мөлшері 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Оны 2-11 сы­ныптың озат оқушылары ала алады. “Оқушыларға шәкіртақы – 2017 жыл­дан бастап беріліп келеді. Нәтижесі керемет. Балалар сабаққа ден қойып, үнемі жоғары …

Озат оқушыларға – шәкіртақы Read More »

Ақыл-ой қазынасы

Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінде профессор Серік Негимовтің “Абай ғиб­рат­намасы” кітабының та­ныстырылымы өтті. Оған мем­лекет және қоғам қайрат­керлері, Парламент Сенаты­ның депутаттары, ғылыми қа­уым өкілдері, қаламгерлер мен жастар қатысты. Профессор Серік Негимовтің “Абай ғибратнамасы” еңбегінде ха­кімнің даналық болмысы, лидерлік мінезі, дара тұлғасы, патриоттық ой-тұжырымдары жарқын көрініс тап­қан. Кітап төрт тараудан тұрады: “Мінез – сауыт”, “Сөз …

Ақыл-ой қазынасы Read More »

Бозбаланың қазасы

Петропавлда футбол ойнап жат­тығып жүрген бозбала қаза тапты. Кенеттен жүрегі тоқтаған 18 жастағы жігітті дәрігерлер құтқара алмады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған Рауан Мұхтаров 16 қазан күні сағат 18:00-ден бастап “Қара­сай” ста­дионының қосымша фут­бол ала­ңын­да жаттығып жүріп, құ­лап түскен. Оқиға орнына келген “Жедел жәр­дем” қызметі жүрегі тоқтап қалған жігітке …

Бозбаланың қазасы Read More »

Заңсыз сақталған патрондар

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңбе­рін­де жұмыс істеген полиция қыз­мет­керлері Жамбыл ауданында оқ-дәрілерді заңсыз сақтау факті­сін анық­тады. 61 жастағы ер адам бұ­рын аңшы болған екен. 2012 жы­лы бұл ісін доғарып, 12-ші калибр­лі мыл­­тығын полицияға тапсыр­ған. Алай­да өзінде 16 патронды қал­ды­рып, оларды заңсыз сақтап келген. Бұл әрекеті қоғамға қауіпті болуы мүм­­кін екенін ойламаған. Аталған фактіге қатысты материал …

Заңсыз сақталған патрондар Read More »

Жаңа телеграм-бот

Петропавл қаласының тұрғын­да­ры үшін мемлекеттік органдармен байланысқа шығудың жаңа ыңғайлы құралы пайда болды. Танымал “Telegram” мессенджерінде облыс­тық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының “t.me/sko_narkohelp_bot” атауымен жаңа боты өз жұмысын бастады. Бот арқылы есірткі жасырушылар мен граффитін салушылар, оны сату­мен айналысатын интернет-дү­кендерге сілтемелер туралы полицияға анонимді түрде хабарлауға болады. “Start” батырмасы арқылы жаңа ха­барлама жіберіледі. Сондай-ақ осы …

Жаңа телеграм-бот Read More »

Жақсыбай САМРАТ: “ЖУРНАЛИСТ СЫНШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК”

Қазақтың ардақты қаламгері Шерхан Мұртаза “журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ” депті.  Иә, халық пен билік арасындағы алтын көпірге баланатын бұл мамандыққа екінің бірі, егіздің сыңары беттей алмайды. Саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына, әдебиетіміздің өрістеуіне арнаған жандардың бірі – жерлесіміз, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Есіл …

Жақсыбай САМРАТ: “ЖУРНАЛИСТ СЫНШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК” Read More »

ҰЛЫ ЖЫРАУ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” – халықтың көркем жадында” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің тапсырмасымен ұйымдастырылған шараға елімізге танымал тарих, әдебиет, мәдениет өкілдері қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады. Атақты ғалым, академик Манаш Қозыбаев тәуелсіздіктің елең-алаң шағында жазған “Дауылпаз …

ҰЛЫ ЖЫРАУ ҰЛЫҚТАЛДЫ Read More »

Батыр рухына тағзым

Биыл Қызылжар өңірінің асыл перзенті Әбу Досмұхамбетовке Ке­ңес Одағының Батыры атағы беріл­геніне 80 жыл толды. Осыған орай облыс орталығында ғылыми-прак­тикалық семинар өтті. Іс-шара “AMANAT” партиясы­ның өңірлік филиалының қолдауы­мен, “Світанок” Солтүстік Қазақстан облысындағы украин мәдениеті ор­талығы” қоғамдық бірлестігінің бас­тамасымен ұйымдастырылды. “Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған Әбу Досмұхамбе­тов­тің есімін құрметпен еске аламыз. Оған Украина жерінде көрсеткен …

Батыр рухына тағзым Read More »

Түйінді мәселелер көп

Салық, жер қатынастары, сон­дай-ақ мемлекеттік органдардың бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы іс-әрекеттері кәсіпкер­лер арасында әрдайым көптеген сұрақ туғызады. Көбінесе бизнес пен фискалдық органдар арасындағы даулар салыққа қатысты туындай­ды, кәсіпкерлер қарызды өтеу тура­лы хабарламаларға, тексерулер мен камералық бақылау нәтижелеріне  шағымданады. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиев­тің айтуынша, кәсіпкерлер тарапы­нан түсетін шағымның бірі …

Түйінді мәселелер көп Read More »

МЫҚТЫЛАР ТАҢДАЙТЫН МАМАНДЫҚ

Қауіп-қатерге толы жұмысын адал, үлкен жауапкерші­лікпен атқарып жүрген құтқарушылардың еңбегі талайға үлгі. Өзгенің өміріне араша түсу үшін өз жанын шүберекке түйіп, су тасқыны, өрт, апаттарда оқиға орнына алғаш­қылардың бірі болып жететін мамандық иелері мұны ерлікке баламайды, міндетім деп біледі. Солардың бірі – об­лыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушысы Әлихан Ислам. Әлиханның бұл салада …

МЫҚТЫЛАР ТАҢДАЙТЫН МАМАНДЫҚ Read More »

Маңызды қадам

М.Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университе­тінде “Ма­манды­ғым – болашағым” жобасы бастау алды. Атал­ған жоба түлектер­дің мамандық таңдауына, жас ма­мандардың жұмысқа тұруына, олардың табысын арттыруға мүм­кіндік бермек. Жобаның танысты­рылымына бейнебайланыс арқылы қатыс­қан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жыл со­ңына дейін мұндай фронт-кеңселердің әр об­лыста ашы­латынын жеткізді. – Жоба аясында зерттеушілер, жергілікті билік пен бизнес өкілдері …

Маңызды қадам Read More »

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетовтің төрағалық етуі­мен сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мә­селелері жөнін­дегі ведомствоара­лық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында “Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары” комму­налдық мемлекеттік меке­ме­сі қыз­метіндегі жемқорлық тәуе­келдерін сыртқы талдау нәтиже­лері талқы­ланды. Облыстық сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы қызмет басшысының бі­рінші орынбасары Айдос Жүні­совтің мәліметі бойынша кәсіп­орын қызметінде 10 жемқорлық тәуекелі анықталып, орын алған …

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ Read More »

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

“Өңірімізде денсаулық сақтау са­ласына айрықша көңіл бөлінеді. Қа­зіргі уақытта облысымызда бірнеше медициналық мекеменің құрылысы жүргізілуде. Жас дәрігерлерге мем­лекет, облыстық әкімдік тарапынан қолдау тетіктері қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады”. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық көп­салалы және балалар ауруханала­рының дәрігерлерімен кездесуде осылай деді.  Облыс әкімі медицина мекемелерінің материалдық-техникалық ба­засымен танысып, ақ халатты абзал …

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

Бақыттың кілті

Еңбек – салаға, мамандыққа бө­лінбейді, бәріне ортақ ұғым.  Сондықтан еңбек адамының қоғамдағы орны ерекше, абыройы биік. Адам еңбекпен өседі, өнеді. Дегенмен ха­лық арасында көп елене бермейтін мамандықтар бар. Олардың жұмысы – жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап етеді. Соның бірі  – слесарьлар. Сұранысқа ие мамандық­ты игер­ген Асхат Жүнісов еңбек жолын 10 жылдан астам уақыт бұ­рын бас­та­ған. …

Бақыттың кілті Read More »

ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті орындарға нақты міндеттер жүктеліп,  тапсырмалар берілді. Алдымен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масының басшысы Мақсат Баяхмет­тің есебі тыңдалды. Ол жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы жайлы айтып берді. Баяндамашы­ның сөзіне қарағанда, 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға …

ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ Read More »

АЭС салу тиімді ме?

Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына  түскен тақырыптың бірі – елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жол­дауын­да бұл мәселеге арнайы тоқ­талып, елімізде АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді. Осы ретте облыс орта­лығында аталған мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Маңызды жиында “Қазақстанда АЭС салу ке­рек пе?” деген сұрақ …

АЭС салу тиімді ме? Read More »