«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЭС салу тиімді ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына  түскен тақырыптың бірі – елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жол­дауын­да бұл мәселеге арнайы тоқ­талып, елімізде АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді. Осы ретте облыс орта­лығында аталған мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Маңызды жиында “Қазақстанда АЭС салу ке­рек пе?” деген сұрақ төңірегінде ма­мандар мен қарапайым халықтың пікірі тоғысты.

Жиынға атом энергетика өндірісі саласының мамандары, облыс тұр­ғындары, қоғамдық ұйым өкілдері мен “Қазақстандық АЭС” ЖШС-ның өкілдері, эколог мамандар қатысты. Жалпы мамандар III және III+ буынды ядролық реакторларды салуды қарастырып отыр. Бұл әлем­де сыналған және сенімді техно­логиялар.

“Қазақстанда АЭС салу мәселе­сін сөз еткенде, алдымен қауіпсіз­дікке баса назар аударылады. Осы­ған орай елімізде атом электр стан­сасы әлемде ең қауіпсіз деп сана­латын жобалар бойынша салынады. Ол үшін бүгінге дейін түрлі мемлекет­тердегі АЭС құрылысы мен жұ­мыстары тереңнен зерттеліп, қарастырылды”, – деді “Қазақстандық АЭС” ЖШС директорының орын­басары Ринат Оқасов.

Ал салалық министрліктің АЭС мәселесі бойынша департамент директоры Гүлмира Мурсалова станса салудың тиімді тұстарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

– Салынуға тиіс АЭС реак­тор­лары заман талабына сай, ішкі және сыртқы әрекеттер бойынша белсенді және пассив түрдегі қауіп­сіздік жүйелерімен жабдықталады, – деген Гүлмира Мурсалова өзі бас­қаратын департаменттің жоспар-жобасымен таныстырды.

Жиын барысында АЭС салу жо­басының әлеуметтік, экономика­лық, экологиялық және техникалық сынды төрт бағытта берер пайдасы да сөз болды. Әсіресе ғылыми-тех­никалық мамандардың саны артып, он мыңдаған жұмыс орны ашыл­мақ.

Жиында сөз алған қо­ғамдық ұйым өкілдері мен тұрғын­дар АЭС-тің адам өміріне қауіпсіз­дігі мен экологияны қорғау жайын ескеру бойынша пікірлерін ортаға салды.

Дияс АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp