“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеген полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады. 61 жастағы ер адам бұрын аңшы болған екен. 2012 жылы бұл ісін доғарып, 12-ші калибрлі мылтығын полицияға тапсырған. Алайда өзінде 16 патронды қалдырып, оларды заңсыз сақтап келген. Бұл әрекеті қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін ойламаған. Аталған фактіге қатысты материал жиналды.
16 қазанда басталған іс-шараның алғашқы күндері облыста 27 бірлік оқ-дәрі, 1 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Сондай-ақ иесіз қалған 270 астам үй, 58 саяжай учаскесі, 132 жалдамалы пәтер, 700 астам есепте тұрғандар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.