«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өңірімізде денсаулық сақтау са­ласына айрықша көңіл бөлінеді. Қа­зіргі уақытта облысымызда бірнеше медициналық мекеменің құрылысы жүргізілуде. Жас дәрігерлерге мем­лекет, облыстық әкімдік тарапынан қолдау тетіктері қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады”. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық көп­салалы және балалар ауруханала­рының дәрігерлерімен кездесуде осылай деді. 

Облыс әкімі медицина мекемелерінің материалдық-техникалық ба­засымен танысып, ақ халатты абзал жандармен тілдесті. Биыл облыстық көпсалалы аурухана 29 дәрігермен толықса, ал балаларға арналған ем­деу мекемесі 11 қызметкерді жұмыс­қа қабылдаған.

– Облыс бойынша медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды. Оң динамика дәрігерлерге жағдай жасау мен кө­терме ақыны 5 миллион теңгеге дейін өсірудің арқасында мүмкін бол­ды. Өңірімізге салалық мамандарды тарту жұмысын жалғастыра­мыз, – деді Ғауез Торсанұлы.

Дертті ерте ке­зеңде анықтау және науқастарды тиімді емдеу үшін ауруханаларды озық қондырғы­лар­мен жабдықтау маңызды. Медициналық ғимараттардың жағдайына да назар аудару керек. Қазір облыстағы медициналық мекеме­лер­дің зама­науи техникамен жабдықтау көрсет­кіші – 65, ал инфрақұрылымның то­зуы 77 пайызды құ­рап отыр. Бұл көрсеткіштерді жақ­сарту үшін биыл заманауи қондыр­ғылар сатып алуға 5,2, ал 27 нысанды күрделі жөндеуге 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp