«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз сақталған патрондар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңбе­рін­де жұмыс істеген полиция қыз­мет­керлері Жамбыл ауданында оқ-дәрілерді заңсыз сақтау факті­сін анық­тады. 61 жастағы ер адам бұ­рын аңшы болған екен. 2012 жы­лы бұл ісін доғарып, 12-ші калибр­лі мыл­­тығын полицияға тапсыр­ған. Алай­да өзінде 16 патронды қал­ды­рып, оларды заңсыз сақтап келген. Бұл әрекеті қоғамға қауіпті болуы мүм­­кін екенін ойламаған. Аталған фактіге қатысты материал жиналды.

16 қазанда басталған іс-шараның алғашқы күндері облыста 27 бірлік оқ-дәрі, 1 тегіс ұңғылы мыл­тық тәркіленді. Сондай-ақ иесіз қал­ған 270 астам үй, 58 саяжай учас­кесі, 132 жалдамалы пәтер, 700 ас­там есепте тұрғандар тұр­ғылықты ме­кенжайлары бойынша тексерілді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp