«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды қадам

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университе­тінде “Ма­манды­ғым – болашағым” жобасы бастау алды. Атал­ған жоба түлектер­дің мамандық таңдауына, жас ма­мандардың жұмысқа тұруына, олардың табысын арттыруға мүм­кіндік бермек. Жобаның танысты­рылымына бейнебайланыс арқылы қатыс­қан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жыл со­ңына дейін мұндай фронт-кеңселердің әр об­лыста ашы­латынын жеткізді.

– Жоба аясында зерттеушілер, жергілікті билік пен бизнес өкілдері қа­тыса отырып, әр өңірдің ерекше­лігіне сай қажетті мамандықтарды анықтайды. Осылайша қандай жаңа мамандықтар керектігі, сту­денттердің бойында қандай дағды­ларды дамы­ту қажеттігі анықтала­ды. Бұл мұнда­ғы жоғары білім бе­руге де әсер етеді. Зерттеу нәти­жесінде біз өңірге қай салалар бо­йынша жастарды тар­тып, маман даярлау керек екенін білетін бола­мыз. Қазіргі таңда университетке әдістемемен танысып, оқу бағдар­ла­масын қайта қарау керек. Бұл жұмыстың бәрі жаңа мамандықтар атласына сай жүргізілсе игі. Соны­мен қатар біз жастардың ғылымға де­ген қызығушылығын ояту, жас ғалымдарды қолдауды да жалғастыра береміз, – деді министр.

Қазіргі буынның мамандық таң­дау­да мүлт кетіп, жоғары білім алып шыққаннан кейін жұмыс табу­да қина­ла­тыны жасырын емес. Жоба аясында өңірде жүргізілетін форсайт-зерттеу­лер аталған кедер­гілердің алдын алып, өңірге қажетті білікті жас ма­мандарды даярлап шығуға бағытталған.

– Ашылып отырған фронт-кеңсе­де өңірді кадрмен қамтама­сыз ету, кадр даярлау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Нәтижесінде мамандық­тар­дың өңірлік картасы дайындалады. Біз жұмыс бағдары­мызды, студенттерді қай бағытта оқыту керекті­гін сол картаға сай анықтаймыз. Ауқымды жұмыс 2029 жылға дейін жоспарланған, – дейді уни­верситет про­ректоры Ақмарал Тұрғалеева.

Жалпы өңірде өтетін зерттеулерге 20 адам жұмылдырылады. Бү­гінде жоба еліміздің 11 өңірінде іске қосылған. Кей аймақтарда зерттеулердің алғашқы нәтижелері шыға­рыла бастапты.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиа орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp