«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЫҚТЫЛАР ТАҢДАЙТЫН МАМАНДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қауіп-қатерге толы жұмысын адал, үлкен жауапкерші­лікпен атқарып жүрген құтқарушылардың еңбегі талайға үлгі. Өзгенің өміріне араша түсу үшін өз жанын шүберекке түйіп, су тасқыны, өрт, апаттарда оқиға орнына алғаш­қылардың бірі болып жететін мамандық иелері мұны ерлікке баламайды, міндетім деп біледі. Солардың бірі – об­лыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушысы Әлихан Ислам.

Әлиханның бұл салада еңбек етіп келе жатқанына биыл үшінші жыл. Ол Солтүстік Қазақстан кәсіп­тік-педагогикалық колледжінде “тө­тенше жағ­дайда қорғау” мамандығы бойынша білім алған.

“Менің атам да, әкем де, ағам да – құрылысшы. 2015 жылы әкемнің жұмысына байланысты Шымкент­тен Петропавл қаласына көшіп кел­дік. Отан алдындағы борышымды өтеп келгеннен кейін мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Еркін күрестен спорт шеберіне үміт­кермін, 4-5 сыныптан бастап күрес­пен айналыстым”, – дейді құтқару­шы. 

Маманның айтуынша, құтқару­шы­ға қойылатын ең басты талап – қауіпсіздік. Жұмысқа қабылданған кезде жігіттер үш ай оқу-жаттығудан өтеді, сол жерде қауіпсіздік іс-шараларын үйренеді. Кейін түрлі жағдай­да жұмыс істеу машықтарын меңге­реді. Соның ішінде жол-көлік апаты болған орындарда ауыр құрылғы­лармен жұмыс істеу, альпинистік дағ­дылар, биікке өрмелеп шығу, түсу және үшінші бағыты су астында сүң­гуір костюмімен жұмыс істей білу.

“Шақырту түскенде бізге жина­лып шығып кетуге 1-2 минут қана уақыт беріледі, қажет болып қалар-ау деген барлық құрылғыларды өзі­міз­бен алып жүреміз. Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықпен толық қам­тылғанбыз. Тұрғындар көбіне жабы­лып қалған есікті ашып беруді өті­неді. Қалалықтар тарапынан ағаш үстіне шығып алған мысықтарды құтқару туралы шақырту да болып жатады. Мұндай шақыртулардан бас тарта алмаймыз, көмектесуге мін­деттіміз. Бұл біз үшін ең жеңіл жұмыс. Өйткені психологиялық қысым жоқ. Ал апаттарда адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде, жаны қиналған адам көмек сұрағанда жұмыс істеу өте қиын. Құтқара алмай қаламын ба, өлімге араша түсе ала­мын ба деген ой қатты мазалайды”, – дейді Әлихан Ислам.

Құтқарушының айтуынша, адам болғаннан кейін қорқыныш сезімі бо­лады, бірақ түрлі апатта жұмыс іс­теп, адам өмірі үшін күресетін кәсіп иелері ондайда абдырап-абыржымай, қорқынышты жеңе отыра өз мін­деттерін атқарады.

“Жақында 12 жасар бала 101 дис­петчерлік қызметіне хабарласып, үйде өрт шыққандығын хабарлады. Ол үйде жалғыз болған, мекен­жайын нақты білмейді. Диспетчерге жобалап “алты қабатты ақ үй”, – деп түсіндіріп айтты. Біз шақырту ала-сала жедел аттандық. Оқиға орнына жеткенше қызметкерлеріміз бала­мен байланыста болды. Келген кез­де терезе түбінде отырған баланы көрдік, ал пәтерден түтін шығып жатты. Ата-анасы оны үйде жалғыз қалдырып,  пәтердің есігін құлыптап кеткен екен. Бірден есігін ашып, үйді электр қуатынан ажыраттық. Сол кезде өрт сөндірушілер де келіп үл­герді, олар баланы сыртқа шығарып жатқанда, біз уақыт жоғалтпай көр­шілерді эвакуацияладық. Үйде бас­қа адамның жоқтығына көз жеткізіп, жасөспірімді жедел жәрдем қыз­ме­тіне тапсырдық”, – дейді құтқарушы. 

Қиындыққа толы мамандықты таңдағанына Әлихан өкінген емес.  құтқарушыға білектің күші ғана емес, қайсар мінез де қажет. Кейіпкеріміз Петропавлдағы жылу-электр орта­лы­ғында болған апат кезінде қауіпті учаскеде жұмыс істепті. Ол мұржа құлаған кезде кезекшілікте болған. “Бір жұмысшы әйелдің мұржа ас­тында қалғанын білгеннен кейін бір­ден іске кірістік. Ауыр заттарды қо­лы­мызбен көтеруге тура келді. Апаттан кейінгі үш күн өте ауыр бол­ды”, – дейді жас маман.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp