«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Озат оқушыларға – шәкіртақы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Ғабит Мү­сірепов атындағы №43 орта мектептің үздік оқушылары ай сайын шәкіртақы алып келеді. Қазір оқу ордасында шамамен әр тоғызыншы бала – оқу озаты.

Шәкіртақының мөлшері 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Оны 2-11 сы­ныптың озат оқушылары ала алады.

“Оқушыларға шәкіртақы – 2017 жыл­дан бастап беріліп келеді. Нәтижесі керемет. Балалар сабаққа ден қойып, үнемі жоғары көрсеткіштерге ұмтылуда. Бірінші жылы 69 оқу озаты болса, биыл шәкіртақы алатындар­дың саны 102-ге жетті. Алғашқы тоқ­сан­ның қорытындысы бойынша бұл сан өзгеруі мүмкін. Былтыр  49 оқушы ха­лықаралық, ал 56 бала  республи­ка­­лық олимпиадалар мен байқаулар­да жүлдегер атанды”, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галина Құсайынова.

Төленетін шәкіртақы сомасы ба­лалардың жас ерекшелігіне бай­ла­нысты, қазіргі уақытта екінші сынып оқушысына 3 мың теңге берілсе, жо­ғары сынып оқушыларының шәкірт­ақысы 20 мың теңге көлемінде.  Жал­пы бір айлық  шәкіртақы қоры 900 мың теңгені құрайды.

Өткен оқу жылы мектеп  түлек­те­рінің ұлттық бірыңғай тестілеудегі ор­таша балы – 78,4 болған. 18 бала жо­ғары оқу орнына түссе, соның 14-і қазіргі уақытта мемлекеттік грант бойынша білім алып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp