«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бақыттың кілті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еңбек – салаға, мамандыққа бө­лінбейді, бәріне ортақ ұғым.  Сондықтан еңбек адамының қоғамдағы орны ерекше, абыройы биік. Адам еңбекпен өседі, өнеді. Дегенмен ха­лық арасында көп елене бермейтін мамандықтар бар. Олардың жұмысы – жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап етеді. Соның бірі  – слесарьлар.

Сұранысқа ие мамандық­ты игер­ген Асхат Жүнісов еңбек жолын 10 жылдан астам уақыт бұ­рын бас­та­ған. Ол 2007 жылы Пет­ропавл гу­манитарлық-техникалық колледжі­не автомеханик маманды­ғына түседі.  Кәсіптік білім алған жас жігіт 2011 жылы Отан алдындағы әс­кери бо­рышын өтеуге аттанады. Елге оралғасын “Меңгесер” маши­на-трактор шеберханасына жұмыс­қа орналаса­ды. Содан бері осы са­лада өнімді еңбек етіп келеді. Ал­дыңғы буын аға­лардың тәлімін алып, тәжірибе жи­нақтаған ол  қазір өз ісінің білікті ма­манына айналды.

“Әр саланың өз қиындығы бола­тыны белгілі. Қазір техниканың бәрі жаңаланған, дегенмен оны күтіп ұс­тау – біздің міндетіміз. Әр жұмысты жауапкершілікпен атқару керек. Ал жүк­телген міндетті сапалы және уақтылы орындау үшін әр жұмысшы өз денсаулығына мән бергені жөн. Ауыр жұмысты атқару үшін мықты денсаулық керек.  Қажырлы еңбекті қажет ететін бұл ма­мандықты таңда­ғаныма еш өкінбеймін”, – дейді Асхат Айтбайұлы.

Бақыттың кілтін еңбектен тауып қана қоймай, өңіріміздің өндірісін өр­кендетуге үлес қосып жүрген кейіп­керіміз ‒ үш баланың әкесі. “Адал ең­бек етіп, оның жемісін көру біздің отбасымызға шынайы қуаныш сыйлайды. Жауапкершілік кез келген маманды биік белестерге жеткізетінін балаларыма айтып отырамын”, ‒ дейді еңбек адамы.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp