«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕРГЕ – ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белгілі журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Egemen Qazaqstan” респуб­ликалық қоғамдық-саяси газетінің өңіріміздегі меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат “Қазақстанның құрметті журналисі” атанды. Қаламгердің зейнет жасқа толуына байланысты облыстық әкімдікте өткен салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық және Е.Бөкетов атындағы мем­лекеттік университеттерін эко­номист және филолог мамандық­тары бойынша тамамдаған Жақсы­бай Баянұлы 1993 жылдан журна­лис­тикаға бет бұрып, облыстық телеар­нада редактор қызметін ат­қарды. Кейін республикалық “Жас Алаш”, “Қазақ әдебиеті”, “Ана тілі” газетте­ріне экономикалық саяси маңызды мәселелерді көтерген ма­қалалар жариялап тұрған. Қалам­гердің қазақ әдебиеті мен журна­лис­тикасын да­мы­туға қосқан үлесі зор, – деді облыс әкімі аппараты­ның басшысы Олжас Ыдырысов.

Жақсыбай Самрат өз туын­ды­ла­рына қоғамдық маңызы зор мә­селелерді, ұлттық құндылықта­ры­мызға қатысты дүниелерді арқау еткенін айтқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Тайшыбай қуаныш иесіне Абылай хан ту­ралы жазылған үш томдық кітапты сыйға тартты.

Бүгінге дейін “Бітеу жара”, “Өз­ге­ленді бұл ғалам”, “Тауағаш деген ел едік”, “Күзде гүлдеген алмалар”, “Абы­лайдың ақ үйі”, “Бұралаң за­ман”, “Жылдар жылжып барады”, “Ізде­ніс жылдары” сынды 15 кітабы жарық көрген журналистің қолтаң­басы атақты Мағжан Жұмабаев ірге­тасын қалаған облыстық “Sol­tüs­tık Qazaqstan” газетінде де сайрап жатыр.

– “Egemen Qazaqstan” газетінде ха­лықтың көкейінде жүрген көп мә­селенің оңтайлы шешілуіне, ұлттық құндылықтарымыздың ортамызға қайта оралып, мемлекеттік тіліміз­дің төрге озуына еңбек сіңірдіңіз. Қала­мыңыздан туған өткір-өткір ма­қала­лар мен көркем әдеби шығар­малар сіздің әдебиет пен журналис­тиканың көшін қатар сүйреп жүрген қарымды қаламгер екеніңіз­ді айғақтай түседі, – деді “Қызылжар-Ақпарат” жауап­кершілігі шек­теу­лі серіктестігінің ди­ректоры Ер­ба­қыт Амантайұлы.

Шара соңында қаламгер жи­нал­ғандарға алғысын білдіріп, “Өмір жолы – тар соқпақ” атты мемуарлық еңбегінің жарыққа шығатынын сүйін­шілей жеткізді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp