Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күнін қайтадан тойлау – бұл біздің ата-бабаларымыздың жанқиярлық батырлығын және ұрпақтар сабақтастығына тағзым ету белгісі. Тәуелсіздік – мемлекетіміздің баға жетпес игілігі мен іргелі тірегі. Елдің тәуелсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығының нығаюының, халықтың әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі кепілі – заңдылықтың сақталуы. Ол үшін прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің сақталуына қатаң қадағалауды қамтамасыз етеді.
Осы кезеңде өңірде әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңға жуық заң бұзушылық жойылды, мемлекет пайдасына 1,6 млрд. теңге өндірілді, 45 млн. теңгеден астам сомаға 258 қызметкер алдындағы еңбекақы бойынша берешек өтелді.
Адал бизнесті қорғау – прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта бизнестегі жүйелік проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау үшін кәсіпкерлермен үнемі кездесулер өткізіліп тұрады. Прокуратурада кәсіпкерлерді жедел қолдау шараларын іске асыру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылды.
Үстіміздегі жылы 75 сигнал қаралды, 30 кәсіпкерге заң талаптары түсіндірілді, 200-ге жуық қадағалау актісі енгізілді, 787 заңсыз құқықтық актілер жойылды және соның салдарынан 162 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жойылды, 1.2 млрд. теңгеден астам шығын өтелді, 2214 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Өңірдегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сұрақтарына ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты облыс прокуратурасы мүдделі органдармен бірлесе отыра фронт-офис құрды, олар инвесторлардың проблемаларын жедел шешеді. Бүгінгі күні прокурорлар 50 инвестициялық жобаны зерделеуде, 2 инвестордың проблемалық сұрақтары шешілді.
Қылмыстық процесте адал кәсіпкерлерді қылмыстық орбитаға тарту фактілерін азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда. Мысалы 2023 жылғы 5 тамызда мобильдік топқа серіктестік полиция органдарының мүлікті заңсыз ұстау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау бойынша әрекеттерімен келіспеушілік туралы өтініш берген. Оған дейін азаматтық сот өндірісі шеңберінде сот талқысы болған. Прокурорлардың зерделеу қорытындылары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық істі қысқарту бойынша жылдам шаралар қабылданды, бизнес субъектісінің құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен бірге инвестициялық климатты жақсарту мақсатында инвесторлармен және бизнес-қоғамдастығымен кездесулер өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – инвесторлар үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнес қауіпсіздігінің кепілін арттыру.
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында прокурорлар тергеу органдарының 7 мыңнан астам шешімін тексерді. 2022 жылдан бастап аса ауыр және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға байланысты істер бойынша 107 айыптау актісі жасалды. Азаптау туралы 3 іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Өткен жылдан бастап елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару бойынша прокурорлық қызметтің жаңа бағыты қалыптасты. Үстіміздегі жылы прокурорлар олигополия субъектілері заңсыз алған 113 млн.теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.
Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтары. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдарының қызметкерлері прокуратура органдарының құқық қорғау функциясын іске асыру үшін бар күш-жігерін салуда.
Қайрат ӘБДІХАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.