«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРУАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ШИРАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов жұмыс сапарымен Мағжан Жұ­мабаев ауданына барды. Өңір бас­шысы заманауи тауарлы-сүт ферма­сының жұмысымен танысып, бірқа­тар әлеуметтік нысанға табан тіреді.

Бәйтерек ауылына кіре берістегі жол биыл тамыз айында салынып, пай­далануға берілген. Бұл мақсатқа бюджеттен 45 млн. теңге қаржы бө­лініпті. Жаңа кейіпке енген жолдың ұзындығы – 800 метр. Жалпы биыл аудандық маңызы бар жолдардың 32 километрі (1,6 млрд. теңге жұмсала­д­ы) қалыпқа келтіріледі.

Өңір басшысы “Altyn Urpaq” Бу­лаев балалар мен жасөспірімдер шы­ғармашылығы орталығына барды. Мұн­да 8 ұстаз 152 балаға тәрбие бе­руде. Өлкетану, бизнес және кәсіп­кер­лік, туризм, робототехника, музы­калық бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Өңір басшысы ат басын бұрған келесі нысан – “Агро МТС Қызылжар” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің тауарлы-сүт фермасы. Нысан былтыр пайдалануға берілген. Жо­баның құны – 3,2 млрд. теңге. Ке­шенде 1100 ірі қара бар. Кәсіп­орын мемлекеттен 172,2 млн. теңге субсидия алған.

Ғауез Нұрмұхамбетов Жастар ауылының су тарату желілерін қайта салу жұмысының барысымен таныс­ты. Нысан елді мекенді таза сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Резервуарға 100 текше метр су сыяды. Жоба құны 360 млн. теңге, жұмыс аяқталуға жақын.

Облыс әкімі Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұмабаев мұражайы­на да соқты. Өңір басшысы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жәдігерлерді көрді. Мұнда биыл 130 жылдық мерейтойы аталып өткен ақынның кітаптары, құжаттары мен жеке заттары сақталған. Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов “СК АГРО-2050” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, диқандармен кездесті. Өңір басшысы облыста егін орағының аяқталғанын айтып, нәти­же­сімен бөлісті, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, фермерлердің мәселелерін тыңдады.

Ауылдағы әлеуметтік нысан – Мә­дениет үйі де облыс әкімінің наза­рынан тыс қалмады. Биыл оның ғи­мараты 227,6 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. 328 орынға шақтал­ған нысанда спорт, тренажер залда­ры бар, кітапхана жұмыс істейді. Ғауез Торсанұлы жөнделген ғима­рат­та тұрғындармен кездесу өткізді. Жастар жаңа залда баскетбол жат­тығуларын өткізгісі келетіндерін, алай­да ойынға қажет жабдықтар жетіспейтінін айтты. Тұрғындар жаңа Мәдениет үйіне музыкалық білімі бар маманды директор етіп тағайын­дауды сұрады. Өңір басшысы жергі­лікті атқарушы органдарға осы және басқа да мәселелерді бақылауға алып, шешуді тапсырды.

Тамерлан ТІЛЕУБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp